Өскемен қаласында 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан ҚР чемпионатында қарақиялық Аружан Сәрсенов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Республика бойынша жасөспірім спортшылар бақ сынаған жарыста Құрық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Аружан Сәрсенова өз салмағында үздік шықты.
«Осыған дейін дайындалған еңбегіміз еш кетпей, Аружан жоғары нәтиже көрсетті. Ол Қарақия ауданынан шыққан дзюдодан тұңғыш ҚР чемпионы. Бұл үлкен жетістікке баланады. Жаттығуды одан әрі еселеп, бұдан да биік белесті бағындырамыз деген сенімдемін, - дейді спортшының бапкері Жалғас Көшкінбаев.
Шығыс Қазақстанда өткен дүбірлі бәсекеде үздік шыққан жас спортшысы жерлестерілайықты түрде күтіп алып, құрмет көрсетті.