Қазақстан құрамасы пара-волейболдан Азия чемпионатында финалға өтті. Онда маңғыстаулық Ерболат Алтаев пен Бауыржан Уразалиев және жаттықтырушы Құралбек Сеидов ұлттық құрамада өнер көрсетіп, 2024 жылы Париждегі «XVII Жазғы Паралимпиада»ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Елордада Астана қаласының 25 жылдығына орайластырылған волейболды отырып ойнаудан (параволейбол) Азия чемпионаты өтуде.
Онда Қазақстан, Үндістан, Иран, Ирак, Моңғолия, Таиланд, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты 8 Азия елінен 200-ден астам спортшы қатысуда. Чеспионатта өнер көрсетіп жатқан Қазақстан құрамасы 6 шілде күні жартылай финалда Қытай елінің құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында маңғыстаулық пара спортшылар - Ерболат Алтаев пен Бауыржан Уразалиев және жаттықтырушы Құралбек Сеидов өнер көрсетуде.
Азия чемпионаты Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 8 шілдеге дейін жалғасады. Финалда қазақстандықтар Иран елінің командасымен кездесетін болады.
Пара-волейболдан чемпионат ерлер мен әйелдер командасы арасында өтеді. Нәтижесінде 1,2 орынды иеленген командалар 2024 жылы Париждегі «XVII Жазғы Паралимпиада» ойындарына қатысады.