Маңғыстау облысы «Үздік бокс федерациясы» атағын иеленді
[ 2019 ] 9 желтоқсан, 07:53 | Спорт
Қазақстан бокс федерациясы маусымды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетов «Жылдың үздік боксшысы» атағын жеңіп алды. 21 жастағы маңғыстаулық боксшы биыл Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында топ жарған болатын. Сонымен қатар бокстан «Үздік федерация» атағын Маңғыстау облысы иеленді. Айта кетейік, 2019 жылдың «Үздік боксшысы» атағын қарағандылық Милана Сафронова да иеленді. «Үздік жас боксшы» атағын жастар арасындағы Азия чемпионы Махмұд Сабырхан еншілесе, жастар командасының «Үздік жаттықтырушысы» атағына Ілияс Оралбек лайық деп танылды. Қыздар арасындағы «Үздік жас боксшы» атағын Азия чемпионы Анель Сақыш жеңіп алды. «Үздік төреші» атағын халықаралық дәрежедегі төреші Ғани Ысқақов иеленді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
1531
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.