©
Мұнайлының мерейтойы және ұстаздар мерекесі қарсаңында Басқұдық ауылы тағы бір спорттық шараға мұрындық болды. Ауыл басшылығының қолдауы, мектеп әкімшілігінің атсалысуымен велошеру ұйымдастырылды.
Тағы оқыңыздар: Әскери оқу-әдістемелік шаралар басталды
Оған аудан әкімінің кеңесшісі Нуфтулла Қаржаубаев, ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Өсер Тлепов қатысып, бұл спорттың жылдан-жылға бұқаралық сипат алып, қызығушы тұрғындар қатары арта түскенін атады.
Мектеп ауласынан бастау алған велошеру ауылдың негізгі көшелері арқылы "Басқұдық" сауда орталығының жанындағы жол қиылысына дейін жалғасты.