Қарақиялық спортшы Гаухар Жаңғазы 25-29 қараша күндері Румынияның астанасы Бухарест қаласында өтетін әлем чемпионатына жолға шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Осыған байланысты аудандық мәдениет, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Д.Атағараев жас спортшы мен оның жаттықтырушылары Нарымбаев Мұстафа, Ерсайынов Нұрдаулетті қабылдап, байрақты бәсекеде сәттілік тіледі.
Гаухар Жаңғазы Құрықтағы №6 мектептің 9-сынып оқушысы. Ол бұған дейін армрестлингтен Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Гаухардың жаттықтырушысы – М.Нарымбаев.
Айта кетейік, аталған чемпионатқа Маңғыстау облысынан жолдама алған екі спортшы болған. Оның бірі — жаңаөзендік Ертай Тұрсынғалиев.
Шынар КЕНДІН