«Каспий» футбол құрамасының бас бапкері Срджан Благожевич «Астана» ФК-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Срджан Благоевич өз елінде әртүрлі клубтарды басқарды, бапкерлік тәжірибесі мол. Бапкердің соңғы жұмыс орны – ақтаулық «Каспий», ол екі маусым бойы жұмыс істеп, мықты команда құра білді», - делінген ресми хабарламада.
Айтуынша, «Астана» ФК бапкермен екі жылға келісімшарт жасаған.
Еске сала кетейік, Срджан Благоевич «Каспий» футбол командасын 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарған болатын.