Түркияның Стамбул қаласында өткен жастар арасындағы 11-Shotokan Karate әлем чемпионатында маңғыстаулық 4 спортшы олжалы оралды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтаулық ағалы-інілі Мұхит Азамат пен Айдос Ерғалиұлы алтыннан алқа тақты. Қазіргі таңда екеуі де Yessenov Universitу-де білім алып жатыр, Мұхит Азамат дене шынықтыру және спорт кафедрасының 4-курс студенті. Ол бұған дейін Германияда өткен халықаралық турнирден 2-орын алған. Одан бөлек көптеген республикалық жарыстан алдыңғы орындарды иеленіп жүрді.
Ал Айдос 10 жасынан бастап каратэмен айналысып, жақсы нәтиже көрсетіп келе жатыр.⠀
Сонымен қатар Алтынбек Олжас және Есенбай Амангүл 2-орын иегері атанып, жүлделі болды.