Маңғыстау облысында «Маңғыстау – 2021» атты ардагерлер арасында футзалдан облыстық турнир өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарысқа 50 және одан жоғары жастағы 100-ден аса спортшы қатысып жатыр. Аталған турнирде Ақтау, Жаңаөзен, Қарақия және Түпқараған аудандарының келген 7 команда бақ сынауда.
«Каспий» СК ойын залында өтіп жатқан турнир 6 қараша күні басталды. Ойын 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Айта кетейік, аталған турнир ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды.