19-24 қараша күндері Ақмола облысы Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер құрамасы арасында Қазақстан Кубогы сарапқа салынды. Турнирде маңғыстаулық «Каспий» әйелдер командасы 2-орынды иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Турнир барысында 5 үздік ойыншы анықталды. Соның ішінде «Каспий» әйелдер құрамасының ойыншылары Ульяна Кудрявцева мен Анастасия Ильясова бар.
«Бұл біз үшін үлкен жетістік. 12 жыл бойы осы нәтижеге қол жеткіздік деп толық айта аламыз. Мен Қазақстан Кубогында күміс медальді айтып тұрған жоқпын. Қазіргі уақытта тек жүлделі орындарға күресіп және одан әрі күресетін, бәсекеге қабілетті және жас командамыздың барлығын меңзеп айтып тұрмын. Біз тәрбиелей алған, осы уақыт ішінде дайындай алған команда қазірдің өзінде қазақстандық әйелдер баскетболының көшбасшысына айналуда. Маусым әлі бастапкы кезеңде. Қазақстан кубогынан басқа командамыз тұрақты чемпионатқа қатысуда. Бүгінгі таңда ойын деңгейі бізге ҚР Чемпионатында да финалдық кезенде ойнай алатынымызға үміт береді», - дейді «Каспий» кәсіптік баскетбол клубының жетекшісі Самсон Аракелян.
Сондай-ақ ол команда жаттықтырушысы Баграт Аракелянға, спортшыларға, «Каспий» баскетбол клубы командасына, кәсіби және бұқаралық баскетболды дамытуға көмектесетін облыс әкімдігіне алғыс айтты.
Айта кетейік, биыл кубокқа «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Astana Tigers» (Нұр-Сұлтан), «Қазығұрт Марс» (Шымкент), «СДЮСШ» (Алматы облысы), «Тұран» (Түркістан облысы), «Қарағанды» (Қарағанды облысы), «Оқжетпес» (Ақмола облысы) барлығы 8 команда қатысты.
Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ