24 қараша күні Маңғыстау облыстық көркем және эстетикалық гимнастика федерациясының ұйымдастыруымен халықаралық «Шағала» турнирі басталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Биыл 4-рет ұйымдастырылып жатқан турнир алғаш рет онлайн режимде өтуде. Оған Египет, Израиль, Ресей, Қырғызстан, Украина, Корей елдерінен 200-ден астам спортшылар қатысып жатыр.
Ал Маңғыстау облысынан 70-ке жуық гимнастшы бақ сынайды. Жарысқа қатысушыларға Халықаралық дәрежедегі төреші Оксана Розанова төрелік етеді.
Айта кетейік, турнир 26 қараша күні аяқталады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер фейсбук әлеуметтік желісінен алынды