Маңғыстаулық еркін күрес шеберлері ел біріншілігінде алтын, күміс және қола жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Еркін күрестен ерлер арасында бақ сынаған Эльхан Асадов чемпион атанды. Ол 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Маңғыстау облысының намысын қорғады. Эльхан Асадов финалда елордалық Ералы Әбдірашевпен күресті. Нәтижесінде 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Ал әйелдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде күрескен Мөлдір Тәңірбергенова жүлделі 2-орынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен маңғыстаулық Анар Хамитова қола жүлдені қоржынға салды.
Еске сала кетейік, күрестен Қазақстан чемпионаты Алматы қаласындағы «Достық» спорт кешенінде өтіп жатыр. 19 қараша күні басталған спорттық жарыс 26 қараша күні аяқталады.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА