Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының шығармашылық ұжымы - Халықаралық театр күнін жоғары дәрежеде атап өтті.
Халықаралық театр күніне арналған салтанатты жиынның жүргізушілері театр актерлері Кенжебек Башаров пен Ермек Арықовтың айтуынша, 2003 жылдың 21-ші наурызы - театрдың туған күні және әр көктемнің соңғы жексенбісінде халықаралық театр күні атап өтіледі.
Салтанатты жиын кезінде театр директоры, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Нұрнияз Мұханұлы ұжымды және жүлдегерлерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Атап айтатын болсақ, "Үздік актер - 2016" номинациясымен Айбек Иманқұлов, "Үздік актриса - 2016" номинациясымен Ғалия Тілеген, "Үздік суретші - 2016" номинациясымен Нысанғали Қаниев марапатталып, Н.Жантөрин атындағы сыйлыққа және ақшалай сертификатқа ие болды.
Айдос Тастаев, Медғат Өміралиев, Рысжан Атабаева, Элмира Керімбаева, Еркебұлан Бекенді театр Қайраткерлері Одағының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бекбол Таңатарұлы облыс әкімі А.Айдарбаевтың Алғыс хатымен, Мәдениет басқармасы грамотасымен марапаттады.
Кеш барысында театр актерлары көрермендеріне түрлі сахналық көріністерін ұсынып ерекше көңіл сыйласа, театр фойесінде театрдың тыныс-тіршілігі, актерлердің жетістіктері және сахналық қойылымдардан естелік көрмелері қойылды.
Марапаттау рәсімдеріне де кезек беріліп, театр труппасы өз көрермендерінің және театр жанашырларының ізгі тілектерін естіп, естелік суреттерге түсті.
Үміт ЖӘЛЕКЕ