©
Ақтауда Ұлыстың ұлы күніне арналған «Жыр ғұмыр» атты қалалық жыршы-термешілер байқауы өтті. Дәстүрлі түрде 5-рет ұйымдастырылған байқауға 11 термеші қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жарыста Маңғыстау өнер колледжінің ұстазы, термеші Сәбит Шекітбаев, халықаралық байқаудың жүлдегері Нұрболат Мусагалиев пен республикалық жыршы-термешілер сайысының лауреаты Болат Бисенқұлов әділқазылық етті. Сондай-ақ «Жетісаз» дәстүрлі аспаптар студиясының жетекшілері Кенжебек Аяғанов пен Әлібек Мұратов қазылар мүшесінде болды. «Бұл шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, асыл жырлар мен термелерді насихаттау», - дейді Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінің мәдени іс-шаралар ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Наргиза Омар. Сайыс қорытындысында бас жүлдені ақтаулық Манас Әділбаев иеленді. 1-орынды Маңғыстау өнер көлледжінің студенті Аққу Ермекбаева алса, 2-орынды Аягөз Төремұрат пен Әлібек Тоқтасынов еншіледі. 3-орын Ақмарал Омарға бұйырды. Шара соңында жүлдегерлер дипломмен марапаттап, ақшалай сыйлықтар берілді.Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="75714,75713,75712,75711"]