• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Нұркен Өтеуілов "Маңғыстау театры жайлы пікірім өте жоғары"

    [ 2018 ] 19 сәуір, 12:32  |  Мәдениет

    Қаллеки театрының Ақтаудағы гастролі «Қараш-Қараш», «Шәмші» қойылымдарымен басталды. Екі спектакльде де басты рөлді сомдайтын театр әртісінің репетициясына кедергі болмайық дедік. Сөйтіп кино және театр актері, эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері Нұркен Әшімханұлымен үшінші күні әңгімелесудің сәті түсті.

    - Алғашқы екі қойылымды қойдыңыздар. Халық қалай қабылдады?

    - Иә, екі қойылым өтті. Ақтау қаласына бірінші рет емес, бірнеше рет келгенмін. Жалпы қазіргі көрерменнің талғамы өте биік. Сол талғамнан шығу үшін де бізге үлкен біліктілік керек. Сондықтан екі жақтың да көрермені өте парасаты биік, талғамы жоғары. Қойылымдарымызды, шүкір, зор қошеметпен қабылдап жатыр.

    - Бұрын Ақтауға қандай шараларға келген едіңіз?

    - Осыдан 5-6 жыл бұрын да гастрольдік сапар болған. Одан кейін қазақтың маңдайына біткен жазушысы – Әбіш ағамыздың атындағы республикалық театр фестивалі өтті ғой. Сонда әділ қазылар алқасында болдым.

    - Н.Жантөрин театрының қай қойылымдарын ерекше атап өтер едіңіз?

    - Менің әрқашан да Ақтау театры туралы пікірім өте жоғары. Қазақстанда 54 театр болса, соның алдыңғы орындарының бірінде тұр. Бірнеше жылдық тарихы бар театрлардың жетпей жатқан деңгейіне осы 15 жылдың ішінде Маңғыстау облысының театры қол жеткізіп жатыр. Қаншама рет халықаралық, республикалық фестивальдерде өзіміз куә болдық. Мұның бәрі тынымсыз еңбектің, ұжым мен актерлік құрамның мықтылығының арқасы деп білемін. Әрқайсысы «Сен тұр, мен атайын» деген актерлер мен актрисалар. Сол себепті бұл театрдың деңгейі өте жоғары деп есептеймін.

    - Енді жеке шығармашылығыңызға келсек. Театрда ойнайсыз, киноға түсіп жүрсіз, фильмдерді дыбыстайсыз. Дегенмен соңғы уақытта халық әнші Нұркенді, «Бәйтерек» тобының әндерін сағынған сыңайлы. Неге ол топты көрмей кеттік?

    - Бұл – жиі қойылатын сұрақ (күліп). «Бәйтерек» тобы да біздің жанымызда. Мен өзімді театр сахнасынан таптым деп білемін. Топтағы жігіттер де сол ойда. Біздің негізгі мамандығымыз актер болғандықтан, бұл бағытта бізге үлкен есік ашылды. Соның бірі – театр сахнасы. Осыған көбірек күш салып, көңіліміз осы жаққа тартып тұрғандықтан, қазір театр саласында жүрміз.

    - Қарттығыңызды қалай елестетесіз?

    - Алдағыны болжай алмаймын. Кім болатынымызды, қанша ғұмыр беретінін бір Алла біледі. Бірақ, әйтеуір, аман жүрсек, «Қазақ өнеріне талмай қызмет ету» деген азаматтық, актерлік позициям бар, соған жеткім келеді.

    - Ұлдарыңыз да ізіңізді қуып келеді. Олардың өнерге келуіне көзқарасыңыз қандай?

    - Ешқандай қарсылығым жоқ. Балалар қандай саланы таңдайды, мен қолдаймын. Әкелік жол көрсету – менің парызым. Олардың да маңдайына не жазды, сол болады ғой.

    - Сіз үшін ұзақ дайындықты қажет еткен қойылым болды ма?

    - Жалпы қазіргі заман ұзақ дайындалуды қажет етпейді. Уақыттың өзі - тез өтіп жатқан кезең. Шама жеткенше жылдамырақ қимылдауды талап етеді. Сондықтан да аз уақыт аралығында дайындалу жетеді негізі. Біздің ұзақ дайындалғанымыз – У.Шекспирдің «Отелло» қойылымы. Үш жарым айға созылды. Ал басқа спектакльдер бір-бір жарым айда шығып отырады.

    - Ақтау қаласы ұнап жатыр ма? Қыдырып үлгердіңіз бе?

    - Ақтау ерекше қала ғой. Қарт Каспийдің жағасында жүріп, таза ауамен тыныстаудың өзі бір ғажап. Судан адамның санасы демалады, энергия алады. Сол жағынан алғанда қатты ұнайды. Бірақ әлі қыдыруға үлгермедік. Алда екі күніміз бар, жақсылап аралаймыз деген ойдамын.

    - Жақсы, аға. Әңгімеңізге рақмет. Сәттілік сізге!

    Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="52224,52222,52221,52220"]
    1451
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет сұхбат анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстаулық өнерпаздар «Гауhар тас» фестиваліне қатысады 

    Келесі жаңалық

    Бауырлас елде өнер көрсетті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ырза Тұрсынзада: Табыстың құпиясы - ұлттық қолөнер құндылығында

      [ 2019 ] 10 қазан, 09:30
      1996

      Маңғыстаулық Диляра Қаржаубай «Бала дауысы» байқауына қатысады  

      [ 2019 ] 30 қыркүйек, 11:12
      1822

      Жігер Бектұрғанов: «Жыршы – заңғар, биік шың болуы керек» (ФОТО)

      [ 2019 ] 11 шілде, 16:44
      2448

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2284

      Нұркен Өтеуілов "Маңғыстау театры жайлы пікірім өте жоғары"

      [ 2018 ] 19 сәуір, 12:32
      1452

      Қаллеки театры - Маңғыстауда

      [ 2018 ] 16 сәуір, 13:12
      1480

      Рубрикалар

        Қазақстан жаңалықтарыАудан тынысыКомплаенсБайланыс мәліметтеріАуыл өміріМаңғыстауРедакция газеттеріРедакция ұжымы

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1917

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1840

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2284

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2085

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2615

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2153

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»