• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Қаллеки театры - Маңғыстауда

    [ 2018 ] 16 сәуір, 13:12  |  Мәдениет

    ©

    Астана қаласының Қалибек Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театры Маңғыстауға гастрольдік сапармен келді. Ұжым 16-21 сәуір күндері өз қойылымдарын өңір көрермендеріне ұсынады. Бүгін алғашқы қойылымын М.Әуезовтің «Қараш-қараш» оқиғасынан бастамақ. Осыған орай театр басшысы Айболат Жанғалиұлымен өнер сапары жайлы аз-кем әңгімелескен едік.

    - Айболат мырза, Маңғыстауға қош келдіңіздер. Біздің өлкеге қандай қойылымдар әкелдіңіздер? Маңғыстауға бұрын қоймаған қандай туындыларыңыз бар?

    - Рақмет. Биыл Астана қаласының 20 жылдығы. Сол мерейтой аясында қарт Каспийдің жағасына, киелі Маңғыстау өлкесіне осындай сапар ұйымдастырып отырмыз. Өз репертуарымыздағы қомақты дүниелерімізді алып келдік. Барлығы да бұрын мұнда көрсетілмеген тың қойылымдар. Соның бірі – бүгін өтетін «Қараш-қараш» оқиғасы. Ертең Шәмші ағамыздың өміріне арналған «Шәмші» элегиясын қоямыз. Одан кейін халық әртісі Талғат Теменовтің режиссерлігімен сахналанған Шыңғыс Айтматовтың «Қызыл орамалды шынарым» шығармасы. Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Әспетова ойнайтын «Зере» спектаклі, «Тіл табысқандар» комедиясы көпшілік назарына ұсынылады. Бүлдіршіндерге арналған «Бразилия байлығы» ертегісі бар. Былтыр Жезқазғандағы фестивальде жүлде алған «Күн сәулесі түспеген» қойылымымен аяқтаймыз.

    - Театр ұжымы Ақтауға жиі келіп тұра ма?

    - Бұған дейін гастрольдік сапар ретінде келмеген. Бірақ Ақтауда өткен Әбіш аға атындағы, Орталық Азия мемлекеттері театрларының фестиваліне келдік. Ал арнайы гастрольдік сапарымыз алғаш рет.

    - Театрдың барлық құрамы келді ме?

    - 98 пайызы осында жүрміз. Белгілі актерлер, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткерлері бар. Оның ішінде, Нұркен Өтеуілов, Қуандық Қыстықбаев, Сырым Қашқабаев, аға буындардан Болат Ыбыраев, Кеңес Нұрланов ағаларымыз, Гүлжан Әспетова, Бақыт Исабекова апаларымыз келді. Сондай-ақ театрдың жас буын өкілдері де қамтылды.

    [caption id="attachment_52009" align="aligncenter" width="600"] Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрдың директоры - Айболат Сексенбаев[/caption]

    - Маңғыстау театры биыл 15 жылдығын атап өтеді. Жалпы біздің театрға, ондағы қойылымдарға пікіріңіз қандай?

    - Өзіндік бағыт-бағдары бар, беталысы тың театр дер едім. Өңірлер арасында қатты құрметтейтін шаңырақтардың бірі. Оның үстіне Қаллеки театрымен арада үлкен шығармашылық байланыс орнаған. Осының алдында біздің көркемдік жетекшіміз Талғат Теменов «Аққудың көз жасы» спектаклін қойған еді. Қазір ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың режиссері Нұрлан Жұманиязов ағамыз «Мұқағали және Фариза» қойылымына әзірлікті бастап кетті. Бұйырса, мамыр айының 2 жұлдызына премьера жоспарланып отыр. Біз де Гүлсина Мерғалиеваны шақырып, Астана қаласында «Сара» спектаклін сахналағанбыз. Мінеки, екі өнер ұжымы тонның ішкі бауындай бір-бірімен араласып кеткен. Біз үшін бұл театрдың орны ерекше.

    - Н.Жантөрин театрының қай қойылымдарын, қай актерларды ерекше атап өтер едіңіз?

    - Барлық актер ерекше. Медғат деген бауырымыз фильмдерде де бой көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүр. Театр сыншылары тарапынан оң бағаға ие болып жүрген Айбек Иманқұлов бар. Шынын айтсам, біз бір-бірімізге бөле-жара емес, құрметпен қараймыз. Фестивальге барарда Ақтаудың театры келе жатыр десе, өзгелер сескеніп қалатындай айбынды театрлардың бірі ретінде бағалаймын.

    - Қ.Қуанышбаев театрына ойыссақ. Қандай жаңа қойылымдарыңыз жарық көрді? Репертуарларыңызда қанша спектакль бар?

    - Театрымыздың жоспары бойынша 5 спектакль жылына көрерменге ұсынамыз. Кеше ғана осы сәуір айында Талғат Теменовтің режиссерлігімен Шекспирдің «Отеллосын» ұсындық. Өте жоғары деңгейде өтті. Мәдениет министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, қала әкімдігі қатысып, олардың да, көрерменнің де тарапынан оң бағаға ие болды. Отеллоны Қуандық Қыстықбаев сомдады. Яго рөлін – Нұркен Өтеуілов және жас актрисамыз Ақмарал Танабаева Дездимоны ойнады. Бұйырса Астананың 20 жылдығына орай өңірлерге сапарымыз басталады. Келесі айдан бастап Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік өңірлер, барлығына баруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ әр аймаққа байланысты арнайы қойылымдарымыз да бар. Мәселен, Семейге барсақ, «Абай» мен «Зерені» қалай алып бармаймыз? Шымкентке «Шәмшіні» қалай қоймаймыз? Сол сияқты әр тұлғаны өңірлерімен қауыштыратын боламыз.

    - Ал біздің өңірге «Маңғыстауға барғанда қоямыз» дейтін спектакльдеріңіз бар ма?

    - Болашақта Әбіш ағаның шығармасынан бір қойылым дайындасақ деп жоспарлап отырмыз. Жаңаша бағытта жұмыс істейтін режиссерлермен де бірлесу ойластырылды.

    - Әбіш ағаның қандай шығармасын таңдадыңыздар?

    - Қазір көңілімізге ұнап отырғаны – «Кароль Лирі». Әбіш Кекілбаевтің аудармасындағы тілі өте бай шығармалардың бірі. Сахна өнеріндегі актерлардың тіл мәдениетін, тіл тазалығын ұштастыруға мол септігін тигізеді. Оның үстіне Шекспирдің туындысы драматургияға толып тұрған дүние. Сондықтан да осы шығарманы алмақпыз. Былтыр Әбіш ағаның фестиваліне келгенде театр әкімшілігімен осы жөнінде сөйлескенбіз. Фестиваль екі жыл сайын өтеді екен, бұйырса келесі жылғысында осы шығарманы көрерменге ұсынбақпыз.

    - Әңгімеңізге рақмет, аға. Сапарларыңыз сәтті өтсін!

    Әңгімелескен Теңге БЕКМҰРЗАЕВА

    1480
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет сұхбат анонс рухани жаңғыру
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Маңғыстауда Әбіш Кекілбайұлына, Абай мен Томириске ескерткіш қойылады

    Келесі жаңалық

    "Шыңырау" фильмінің трейлері шықты (ВИДЕО)

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Қаллеки театры - Маңғыстауда

      [ 2018 ] 16 сәуір, 13:12
      1481

      Айтгүл Әбдіразақова: "Киелі өнерден алыстамадым"

      [ 2017 ] 5 желтоқсан, 05:24
      1443

      Арманым – вокалды-аспапты ансамбль құру

      [ 2017 ] 8 қыркүйек, 06:47
      1649

      Жан серігім – гитара

      [ 2017 ] 8 қыркүйек, 06:10
      1485

      Қасиетті Қашекем

      [ 2018 ] 14 тамыз, 14:07
      1758

      Ақтауда "Фариза мен Мұқағали" спектаклі сахналанбақ

      [ 2018 ] 18 сәуір, 12:15
      1846

      Рубрикалар

        МәдениетДенсаулықБайланыс мәліметтеріАНТИКОРФотоЭкономикаРедакция ұжымыАшық қоғамЖарнама

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстаулық дзюдошылар республикалық турнирде 13 алтын алды

      [ 2019 ] 20 наурыз, 19:37
      1917

      Маңғыстау жастары ҚР Тұңғыш Президентіне алғысын білдірді

      [ 2019 ] 20 наурыз, 12:20
      1840

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2284

      Ақтауда дзюдодан "Иса-Досан" жүлдесі үшін халықаралық турнир басталды

      [ 2019 ] 19 наурыз, 12:01
      2085

      Ғарышты зерттеп жүрген ақтаулық оқушы зымыранның ұшу сәтін тамашалады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 10:23
      2615

      Мемқызметшілер балалар ауылының тәрбиеленушілерін Наурыз мейрамымен құттықтады

      [ 2019 ] 18 наурыз, 07:01
      2153

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»