Жақында Әбіш Кекілбайұлының "Шыңырау" повесі желісі бойынша түсірілген толық метражды көркем фильм көрерменге жол тартпақ. Ғаламторда фильмнің трейлері жарияланып үлгерді. Біз бұған дейін "Шыңырау" фильмін Жәнібек Жетіру есімді режиссер түсіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
"Шыңырау" повесінде Еңсеп құдықшының қиын да күрделі тағдыры сипатталады. Повестегі Еңсептің прототипі – әйгілі құдықшы Қараш Бейнеубай Құлшарұлы. Кейін маңына ел жоламаған қанды құдық "Еңсеп өлген" деп аталып кеткен деседі.
Құдықшы Еңсептің рөлінде Алдабек Шалбаев ойнайды. Әбіш Кекілбайұлының "Кек" фильмінде басты рөлді ойнаған Алдаш Шалбаев әбіштану әлемінен алыс емес екендігін айтады. Ол «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде Қонаевтың ролін сомдаған, «Анаға барар жолда» обком хатшысы болған, «Көшпенділер», «Тағдыр», «Шлагбаум», «Біржан сал», «Дүниежарық», «Қасқырлар қағидасы», «Аманат», «Пара», «Жаушы», «Ермак», «Александр Невский», «Қазақи оқиға», «Астана – менің жүрегім» фильмдерінде басты, негізгі рөлдерді сомдапты.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Бас ұстазым — өзіңсің- Повестің желісін өзгерткен жоқпын десем де болады. Әдеби туындыны экранға шығаруға қажетті деген аздаған ғана сарындар қостым. Прозада сезім мен табиғатты сипаттап, суреттеп беруге болады. Ал кинода оны іс-әрекеттер мен оқиғалар арқылы жеткізу керек», - деген пікір айтады Жәнібек Жетіру.
Әлеуметтік желі оқырмандары фильмді көрмей тұрып-ақ, трейлердің ерекше тартымды, әрі жан тебірентерлік екенін айтып бағасын беріп тастады. Фильм Маңғыстаудың Тамшалы - Қарағантүбек сияқты табиғаты тылсым жерлерде түсірілген.
Айгүл ДӘДЕН
https://www.youtube.com/watch?v=Qmwq7o6nQSk&feature=youtu.be