• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 4 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    Маңғыстаулық Диляра Қаржаубай «Бала дауысы» байқауына қатысады  

    [ 2019 ] 30 қыркүйек, 11:12  |  Мәдениет

    Жан дүниеңді жадырататын музыка әлемі адам жанымен егіз іспеттес. Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы. Оны сезіну үшін өнерді сүю керек. Маңғаз Маңғыстауда дүниеге келген әрбір жан ән мен жырдың құдіретін бойына сіңіріп, өмірін өнермен өрнектейтіні сөзсіз. Осы ретте ақын Абайша «Әнді сүйсең, менше сүй» деп өмірін өнермен байланыстырған жанның бірі – Диляра Қаржаубай. Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы №13 гимназия мектебінің 6 «а» сыныбында білім алуда. Ол әннің құдіретін сезініп ғана қоймай, оны көпке жеткізіп жүрген жас әнші. «Жастайымнан әнге, өнерге жақын болдым. Содан болар түрлі бағыттағы музыканы тыңдап, жаттап жүруге құмар едім. Әншілік өнер нағашыларымнан дарыды деп айта аламын. Нағашы атам бала кезінен бастап ән айтқан екен. Әлі күнге дейін мерекелік жиындарда ән шырқайды. Кейде дуэт болып үйде ән айтамыз, мені үнемі өнерге баулып, шығармашылықпен айналысуыма мүмкіндік беріп отырады. Отбасымның маған жанашырлық танытып, өнер жолында өрге басуыма қолдау беруі мені әрдайым қуантады», - дейді ол. Диляра жақында республикалық «Бала дауысы – 2019» байқауының іріктеу кезеңінен өтті. Қазіргі таңда ән арқылы киелі Маңғыстау өңірінің абыройын асқақтатуды мақсат етіп отыр. 11 жасар Диляра үшін бұл байқаудың орны ерекше. Сондықтан жеңіске жету жолында жігерсіздік танытпауға тырысуда. «Ақтау қаласында «Бала дауысы – 2019» байқауының іріктеу кезеңі өтеді дегенді естігенімде қатты қуандым. Себебі, бұл – менің мүмкіндігім, арманым еді. Сахна төрінде өнерімді көтсету үшін барымды салдым. Додада үш тілде, яғни халық әні «Желкілдек» және «Улыбайся», «Rise up» деген әндерді орындадым. Әнге деген махаббатым, талпынысым мен ерік-жігерімнің нәтижесінде іріктеуден өттім. Енді қазан айында өтетін байқауда республикадан жиналған талант иелерімен сынға түсемін. Осы уақытқа дейін қатысқан байқаулардан 2 – 3-орын алған емеспін. Бұл жолы да жеңіске жететініме сенімдімін». Талант – кез келген адамға беріле бермейтін сый. Тек бағалайтын жанға ғана бақ болып бұйырады. Диляраның талантты екенін ерте жастан аңғарған ата-анасы оны Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебіне береді. 7 жасынан бері өнер мектебіндегі ұстаздардан тәлім алып, білімін жетілдіреді. Содан бері түрлі конкурстарда бақ сынап, ән жарыстардан жүлделі оралып жүр. «Мені өнерге баулыған ұстазым – Эльмира Сланова. Мен ұстазыммен әрдайым мақтанамын, жетістікке жетуіме себепші, өнерді өзімдей ұғынуыма атсалысатын білікті жан. Әрдайым ұстаздан алған білімім мен ізденісім арқылы биіктен көрінгім келеді. Ал қазіргі таңда Нұргүл Медербекова есімді апайыммен «Бала дауысы – 2019» байқауына дайындық жүргізудемін. Сахнада ән айтып ғана қоймай, биші ретінде және актерлік шеберлігімді көрсету арқылы өзімді сынағым келеді. Сондықтан да жетекшімнің ақыл-кеңесін тыңдап, әрі қарай еңбек етудемін. Өнер жолын таңдаған әрбір жанның арманы – үлкен сахна, халықтың қошеметі. Алла қаласа оған да жетемін. Ең бастысы өнердің алғашқы баспалдақтарында сүрінбей келе жатырмын. Мұның өзі мен үшін үлкен жеңіс, мақсатыма деген ұмтылыс»,- дейді жас өнерпаз Диляра Қаржаубай. Асқақ арман адам баласын қашан да алға жетелейтіні анық. Диляраның басты арманы – есте қалар қоңыр дауысымен әр қазақтың жүрегінен орын алу. Елге белгілі әнші атану. Арман мен мақсат айқын болса бағындырмас белес болмайтыны белгілі. Тек қайсарлық пен күш-жігер керек. Бұл қасиеттер жаны нәзік, болмысы бөлек Дилярадан табылатыны сөзсіз. Олай болса қазан айында Алматыда өтетін республикалық «Бала дауысы – 2019» байқауында жерлесіміз Диляра Қаржаубай жоғары деңгейде өнер көрсететініне және жеңіспен оралатынына сенімдіміз. Айта кетейік, байқау шарты бойынша жеңімпаз SMS-дауыс беру арқылы анықталады екен. Сондықтан жерлесіміз әрі жас өнерпаз Диляраға қолдау білдірейік.

    Жұлдызай ҚАЛИЕВА

    Суреттерді Диляра Қаржаубай ұсынды

    1819
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    мәдениет сұхбат маңғыстау жаңалықтары анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Сисем Ата асында Айтман айтқан асыл сөз (ФОТО, ВИДЕО)

    Келесі жаңалық

    Маңғыстауда І халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалі өтеді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Маңғыстаулық Диляра Қаржаубай «Бала дауысы» байқауына қатысады  

      [ 2019 ] 30 қыркүйек, 11:12
      1820

      Жігер Бектұрғанов: «Жыршы – заңғар, биік шың болуы керек» (ФОТО)

      [ 2019 ] 11 шілде, 16:44
      2448

      Ырза Тұрсынзада: Табыстың құпиясы - ұлттық қолөнер құндылығында

      [ 2019 ] 10 қазан, 09:30
      1993

      Еркебұлан Бекен: "Браво" деп айқайлағанда шаршағаныңның бәрі басылады

      [ 2019 ] 19 наурыз, 13:06
      2280

      Нұркен Өтеуілов "Маңғыстау театры жайлы пікірім өте жоғары"

      [ 2018 ] 19 сәуір, 12:32
      1450

      Қаллеки театры - Маңғыстауда

      [ 2018 ] 16 сәуір, 13:12
      1479

      Рубрикалар

        ҚарақияРедакция газеттеріРедакция туралыСпортӘдебиетТүпқарағанСаясат

      Автордың басқа да жазбалары

      Маңғыстау жастары «Жарқын болашақ» бағдарламасымен колледждерге оқуға түсе алады

      23 тамыз, 14:18
      8596

      Нұрдәулет Қилыбай Украинаның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілін қабылдады

      23 тамыз, 14:14
      3572

      Адам папиллома вирусына қарсы вакцина қаншалықты сенімді?

      23 тамыз, 13:46
      3492

      Бүгін Ақтауда бірнеше шағынауданда жарық пен су болмайды

      22 тамыз, 10:39
      1864

      Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы: Маңғыстаулық айтыскер 1-орын алды

      17 тамыз, 22:45
      898

      Ақтау мен Алматы арасындағы әуе рейстің саны артады

      17 тамыз, 21:49
      790

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»