©
Өткен сенбі мен жексенбіде «Нұр Плаза» қонақ үйінде «Сән мен сахна» атты аймақтық фестивалі өтті. Онда Маңғыстаудың сән әлемін өркендетуге үлес қосып жүрген сәнгерлер туындыларын ұсынып, шеберлігін паш етті.
Сән мен сапа сынға түскен байқауға өңірдің бес үздік сәнгері қатысып, өнер туындыларын әділқазылар құрамына ұсынды. Нәтижесінде, «Fa Ber» сән үйінің директоры Фарида Бердіханқызы жеңіс тұғырынан көрініп, басты ақпараттық қолдаушы – «Не хабар?!» республикалық газетінің ақшалай сертификатына ие болып, Түркия елінде өтетін сән фестиваліне жолдама ұтып алды. Екінші орынды «BB Ladies» сән үйі иеленіп, ақшалай сертификат алса, үшінші орынды Жәмиля Жапалова еншілеп, «Не хабар?!» газетіне 6 айға тегін жазылу түбіртегіне ие болды.
Ханым ҚУАТ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="4188,4189,4190,4194,4196,4197,4198,4203,4205,4206"]