©
Мәдениет саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында қазақ халқының ұмыт болған және заманауи ұлттық тағамдарының, «Нео-фольклор» киім дизайнерлерінің облыстық байқауы өтті. Оған облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысып, аймақтың мәденет майталмандарын, өнер саңлақтарын кәсіби мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Өңірдің мәдениет саласын өрге өрлеткен 32 қызметкер марапатталып, құрметке бөленді. Халық назарына белгілі мейрамханалар, білікті аспазшылардың сан алуан тағамдары ұсынылды. Ал "Нео-фольклор" киім дизайнерлерінің сайысында заманауи сәнмен үндескен, ою-өрнектермен көмкерілген ұлттық киімдер көрсетілді.
Ханым ҚУАТ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН