© Сайт архивінен
Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театры XIX маусымға дайындықты бастап кетті. Өнер ұжымы жуырда жазушы Федерико Гарсиа Лорканың «Дом Бернардо Альбы» спектаклін сахналайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа маусымда ТМД елдеріне танымал ресейлік режиссер Сергей Потапов Маңғыстауға арнайы шақыртылған. Ол театр актерлерімен бірлесіп, көрермендерге «Дом Бернардо Альбы» пьесасын ұсынады.
Айта кетейік, режиссер Якутск қаласынан келді. Ол «Золотая Маска» сыйлығының лауреаты. Көркемдік жетекшінің жұмыстары бірқатар театрда қойылған. Оның ішінде Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрында «Предчувствие», Якутскідегі А. Пушкин атындағы театрда «Анна Каренина», Париждегі «Le Hublot» театрында «Мечта мира» спектакльдері бар.