Ақтауда көпқабатты тұрғынүй ауласында мысықтың басына секірген адамға қатысты іс қайта қаралатын болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін mangystaumedia.kz сайты белгілі заңгер Джохар Өтебековтің Ақтау қаласының прокурорына мысықтың басына секірген ақтаулық тұрғынға қатысты істі қайта қарау туралы өтініш білдіріп, жануарға ауыр зақым келтіргенін хабарлаған еді.
"Әлеуметтік желіде көтерілген мәселе қоғамда қызығушылық тудырып, талқылауға ұласты. Сонымен бірге, оқиғаның басқа куәгерлерін анықтауға мүмкіндік берді. Жоғарыда аталған үкімнің заңдылығын зерделеу барысында қала прокуратурасына дәлелдері мен ұсынылған бейнежазбасы болған оқиғаның мән-жайына толық баға беруге мүмкіндік беретін қаланың екі тұрғынынан өтініш келіп түсті. Осыған байланысты Ақтау қаласының прокуратурасы жоғарыда аталған сот үкімінің күшін жою және істі сотқа дейінгі сараптама жүргізу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберу туралы шешім қабылдау тұрғысынан апелляциялық өтініш енгізді", - деп жазылған заңгердің прокуратураға жолдаған өтінішіне берілген жауапта.