Бұл туралы "Не молчи.кз" қоры әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Қордың мәліметінше, күдікті 5 баланың әкесі, ал зорланған қыз эпилепсиямен ауырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Қыздың туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Осыған дейін бірнеше сот отырысы өтті. Зардап шеккен тараптың туыстарының айтуынша, сотта күдіктінің адвокаты қыздың анасын ата-ана құқығынан айырамыз деп қорқытқан. Күдіктінің өзі де қызға зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпа деп қысым жасаған. Біз прокуратура мен соттан осындай қысымның алдын алуды талап етеміз. Сот тергеуі тек балаға қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша жүргізілуі керек. Жауап алу кезінде қызда эпилепсия ұстамалары болды, ол ауруханаға да түсті. Тергеу мен сот қыздың анасын үмітсіздікке дейін апаруы мүмкін. Біз Ақтау қаласының №2 қалалық сотынан адвокаттың өз клиентін тағылған айып негізінде ғана қорғауын талап етуін сұраймыз", - деп хабарлайды Қор.
Күдікті қазір Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.
Қор Республикалық адвокаттар алқасынан осы аталған іске назар аударуды және адвокаттық этиканың сәйкестігін зерделеу үшін сот отырысынан бейне хаттамаларды алуды талап етті.