«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиал қызметкерлері кезекті сенбілік ұйымдастырды. Осылайша, қызметкерлер қаланың орталық аудандарынан ғана емес, сыртқы аймақтарынан да қоқыстарды тазартты. Барлығы 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Сенбілікке қалалық және аудандық бөлімдерден барлығы 120-ға жуық ХҚКО қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жолдауына сәйкес, аталмыш шараға облыстағы бірқатар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар ат салысты.
«Бұл біздің филиал қызметкерлерінің биылғы екінші сенбілігі. Өткен айда әр бөлім өзінің ғимараттарының ішкі және сыртқы аймақтарына тазарту жұмыстарын жүргізген болатын. Ал бүгін қала, аудандардағы бізге бекітілген жерлерді қоқсытан тазарттық. Қоқыс- табиғатты ластай отыра адам денсаулығына үлкен қауіп тудырады. Бұл әлемге ортақ экологиялық мәселе. Сондықтан әрбір азамат мұндай шараларда белсенділік танытып, бей-жай қарамауы керек деп ойлаймын» ,- деді Мемлекеттік корпорацияның Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Айбек Мұзбаев.
Сондай-ақ, филиал директоры мұндай акциялардың тұрақты түрде жалғасатынын айтты.