Полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген кезде кәмелетке толмағандардың төбелесінің видеосы анықталғанын мәлім етті.
Полицейлер 16-17 жас аралығындағы 18 жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық ПД-ға сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, төбелеске қатысқан қалған қатысушылар полицияға жеткізілуде.
Осы факті бойынша дене жарақаттарымен ауруханаға ешкім түспеген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігімен Қарақия аудандық ІІБ-нің ТЖД-на тіркелді.
Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.