26 мамыр бір мезгілде Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпыреспубликалық акциясы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Заңгерлер, адвокаттар мен мемлекеттік орган өкілдері трғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектесетін болады.
Ақтау қаласында акция өтетін мекен-жай: 19а шағын аудан, Қ.Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапхана.
Басталуы 2023 жылғы 26 мамыр күні сағат 16:00 (жергілікті уақыт)
Кіру тегін.
«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастыруда.