«Ұсынылып отырған реформа құқық үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі жүргізіліп жатқан саясаттың жаңа кезеңі болып табылады және бұл қылмыстық қудалау саласындағы халықаралық стандарттарға, қылмыстық процестегі адам құқығын қорғауды нығайту жөніндегі міндеттерді іске асыру, тараптардың жарыспалылығын арттыру, сотқа дейінгі сатыда сот бақылауын кеңейту, сондай-ақ тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасында өкілеттіктердің қайталануын болдырмау және нақты бөлуге бағытталған. Атап көрсетілген және басқа да бастамалардың барлығы «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жетілдіру туралы» Заңының жобасына еніп, оның негізгі бағыттарын Қазақстан Республикасының Президенті тұтастай мақұлдады».
Ұсынылған жаңашылдықтар адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін дамытуға және сот талқылауының оңтайлы моделін құруға бағытталған. Алдағы қылмыстық процесті реформалау және құқық қорғау қызметін жетілдіру қылмыстық сот ісін жүргізуде, оның ашықтығын арттыруға және құқық қорғау тетігін күшейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстанда жоғары құқық қорғау стандарттарына негізделген қылмыстық процестің өзіндік моделі қалыптасады.
Қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін жоғарлату, яғни, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбау бойынша негіздемелер тізімін кеңейту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Ең біріншіден, кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша бұлтартпау шарасын қолдану үшін ұсталған адамды сотқа жеткізу мерзімін 48 сағатқа дейін қысқарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына ұсталғандарға оларға қатысты өткізілген жасырын тергеу әрекеттерін таныстыруды міндеттеу, құқық қорғау органдарының тергеп-тексерілген әрекетінің шегінен тыс дәлелдемелерді жинау тәжірибесін алып тастау, қылмыстық процестің бәсекелестігін арттыру, ең алдымен, адвокаттардың процестік мүмкіндіктерін кеңейту, процесті тергеу мен қамтамасыз етуді үнемдеу рәсімдерін жеңілдету, сотқа дейінгі кезеңге сот бақылауын одан әрі кеңейту, ең алдымен, құқықты шектеу түріндегі процестік әрекеттерді санкциялау нысанында, жасырын тергеу әрекеттерін қоса алғанда, сот, прокуратура және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары арасында өкілеттіктерді анық бөлу және оларды қайталауды болдырмау мәселелері маңызды болып табылады.
Заң жобасы қылмыстық іс бойынша сот ісін жүргізудің бастапқы кезеңін қозғайтын ережелерді, сотқа дейін істі жүргізудің жарыспалылық бастамалар шегін қамтиды. Сонымен қатар, онда сот бақылауын одан әрі кеңейтуді көздейтін айтулы шешім, рәсімдерді жеңілдету, заң үстемдігіне негізделген айқын сот төрелігін құру көрініс тапқан.
"Қылмыстық процесті жаңғырту халықаралық стандарттарға сай болудың жаңа қадамы». Онда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған қылмыстық-процестік нормаларды жетілдіру, тергеу рәсімдерін оңтайландыру және жеңілдету, азаматтардың құқықтарын қорғау мен қылмыстық процестегі адвокаттардың құқықтық мүмкіндіктерін, ЭЫДҰ елдерінің қылмыстық-процестік жүйелерінің үлгісі негізінде қылмыстық процесті оңтайландыру мәселелері қаралды.
Маңғыстау облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы
Избасаров Азат Өмірбекұлы