Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жергілікті полиция қызметінің басшысы Ұлықбек Мылтықовқа «Қауіпсіз аула» жобасы аясында Ақтау аулаларына бейнебақылау жүйесін орнату жобасын ұсынуды тапсырды.
Жоба аясында Ақтау қаласының 30-дан астам шағынауданында аула мен подъезд ішіне 600-ге жуық бейнеубақылау камера орнатылады.
Аула аумақтарын, қоғамдық ғимараттарды, мектептерді мен балабақшаларды, сондай-ақ халық көп шоғырланатын жерлерді бақылауды ұйымдастыру басты назарда. Бұл жоба «Қауіпсіз қала» жүйесі аясында ұйымдастырылмақ.
Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды полиция учаскесінің полиция бөлімшелерінде бейнебақылау арқылы орталықтандырылған қашықтықтан басқару мүмкіндігі пайда болады.
Аталмыш жобаның құны шамамен 2 млрд теңгеден аспақ.
«Бұл жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, қаладағы орын алатын топтық әрекеттерді жедел бақылауға алу. Бейнебақылау камералары қылмыс пен құқық бұзушылықтардың санын азайтуға және құқық қорғау органдарының жұмысын тиімді етуге көмектеседі. Сондай-ақ, бұл жоба тұрғындардың қоғамда өздерін қауіпсіз, еркін сезінуге септігін тигізеді деп есептейміз», - деді Ұлықбек Мылтықов.
Бүгінгі таңда Ақтау қаласында 133 бейнебақылау камерасы орнатылып, олардың көмегімен 164 қылмыстың беті ашылды.
МО өңірлік коммуникациялар қызметі
Тағы оқыңыздар: «Ақжармаға» — 25 жыл!