Алты айда тіркелген қылмыстың 63%-ы он күнде аяқталды
[ 2017 ] 19 қыркүйек, 09:58 | Құқық
- Осы жылдың 6 айында тіркелген 2 809 қылмыстың 63%-ы 10 күнде аяқталды, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
Бұған Маңғыстау облыстық прокуратурасы жүргізген жеделдетілген мерзімдегі сапалы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қол жеткізілген. Жоба қылмыстық процестің заңдылығын қадағалайды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 ай ішінде тергеп-тексеру жүргізілген қылмыстық істердің саны 44%-ға және процеске қатысушы тұлғалардан түскен шағымдар 22%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, 10 күннің ішінде 1 676 қылмыстық іс аяқталды. Бұл - осы жылдың 6 айында тіркелген 2 809 қылмыстың 63%-ына тең. 10 күннің ішінде сотқа 87,6% іс қарау үшін жолданған. Ал ақталатын негізбен тоқтатылған қылмыстық істер бойынша СДТТБТ-не тіркелгеннен бастап үш күнде шешім қабылдану дерегі 66,7%-ға өскен.
К. ОҢҒАЛТАЙ
620
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.