15 қыркүйекке қараған түні полиция қызметкерлері жедел іс-шараларын ұйымдастыру барысында күдікті азаматты қолға түсірді. Оқиға Ақтаудағы 6 және 8 шағынаудандардың аралығында болып, сол аумақ қоршауға алынған. Нәтижесінде Ақтау қаласының тұрғыны құрықталып, одан оқу-жаттығу гранатасы тәркіленді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 15 қыркүйек күні сағат 00:50 шамасында 1971 жылы туылған Ақтау қаласының тұрғынын қолға түсірді.
Тағы оқыңыздар: Тұрғындар пайдалануға берілгеніне бір жыл болған үйлердің сапасына сын айтты - Тексеру кезінде азаматтан жаттығу гранатасы табылды. Оқиға ІІБ ақпараттарды тіркеу кітабына тіркеліп, ҚР ҚК 287 бабының 3 бөлімі бойынша (Қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу) сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуге жіберілді. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды. Операция кезінде атыс болған жоқ, қару қолданылған жоқ. Қазір тергеу амалдары мен тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді ІІД баспасөз қызметі.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА