Бекіре тасымалдап, мемлекетке 3 миллион теңге шығын келтірген
[ 2017 ] 15 қыркүйек, 05:32 | Құқық
- Ақтау қалалық сотында заңсыз бекіре тұқымдас былықты тасымалдаушыға қатысты сот ісі аяқталды, - деп хабарлайды құзырлы органның баспасөз қызметі.
Ақтау қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында Ж.-ның «TOYOTA CAMRY» маркалы автокөлігін тоқтатып, оны тексеру кезінде, артқы жүк салғышынан 85 дана бекіре тұқымдас балықтардың бөлігін тапқан. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылық бөлімінің қорытындысына сай, автокөліктен алынған балықтың жалпы салмағы 305,4 келі болған. Ал одан мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 3 118 286,7 теңгеге жеткен.
Сотталушы Ж. қасақана, жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген бекіре тұқымдас балықтарды, олардың бөліктерін заңсыз иемденіп, тасымалдап, сақтағаны үшін кінәлі деп танылып, сот үкімімен оған 500 АЕК мөлшерінде 1 134 500 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
К. ОҢҒАЛТАЙ
794
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.