Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңына сәйкес Террористік тұрғыдан осал объектілер – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер және олардың тізбесін және оларға қойылатын тиісті талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды;
Аталған заңға сәйкес, адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары болып табылады.
Заңның 10-3-бабына сәйкес меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында:
1) тиісті өткізу режимін, объектілерге қойылатын қойылатын талаптарға сәйкес оларды қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету;
2) үлгілік паспорттың негізінде – өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын әзірлеу;
3) персоналды үй-жайларды қарап тексеру техникасына үйрету, жарғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша профилактикалық және оқу-жаттығу іс-шараларын өткізу;
4) жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау;
5) объектінің ақпараттық желілерін қорғауды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға міндетті.
Меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілер меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының немесе өзге де лауазымды адамдарының, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша күзет қызметтерін көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметі субъектілерінің көрсетілген міндеттерді орындамауы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
23-2-бапқа сәйкес:
Тексеру парағы оларды сақтамау жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіруге әкеп соғатын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.
1) тексеру тағайындау туралы актіні;
2) қызметтік куәлікті;
3) тексеру парағын көрсетуге міндетті.
Тексеру нәтижелері бойынша осы Заңда белгіленген іс-шараларды және оны іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылық (орындамау) анықталған жағдайларда, меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектінің басшысына немесе өзге де лауазымды адамына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама он жұмыс күні ішінде табыс етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «3 наурыздағы» № 191 қаулысына сәйкес адамдар көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын
талаптар
Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар
Күзет сигнализациясы жүйелері санкциясыз кіру туралы хабарлауы тиіс.
Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Кіруді бақылау және басқару жүйесі объектiлердегi өткізу және объектiшiлiк режимдi ұйымдастыруды қамтамасыз етуi және объектiнi кірудің негiзгi үш аймағына бөлудi көздеуi тиiс:
1) бірінші аймақ – персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;
2) екінші аймақ – кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналы ілесіп жүретін келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;
3) үшінші аймақ – қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.
Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.
1) объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрi;
2) бақылау-өткiзу пункттерi (бар болса);
3) тексеріпқарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлiктi тексеріпқарау аймағы (бар болса);
4) бас және қосалқы кіру есіктері;
5) адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар) жабдықталуы тиіс.
Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:
1) адамдар көп жиналатын үй-жайларды (орындарды);
2) бас және қосалқы кіру есіктерін (бар болса) жабдықтау қажет.
Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар
1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;
2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;
3) эвакуациялау жоспарларын;
4) хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.
1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;
2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды;
3) «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын қамтамасыз етуі тиіс.
1) авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;
2) эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді берумен;
3) эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын қосумен;
4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған)қашықтан ашумен сүйемелденуі тиіс.