Қару сақтау ережесін бұзғандарға 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды
[ 2017 ] 12 қыркүйек, 06:06 | Құқық
Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Өлкеде 5-9 қыркүйек аралығында қарудың заңсыз айналымға түсуін болдырмау мақсатында «Қару-2017» жедел-профилактикалық шарасы өтті.
Екі күн ішінде тұрғылықты жері бойынша 1333 атыс қаруының жеке иелері тексеріліп, қаруды сақтау, тіркеу және қайта тіркеу мерзімі ережелерін бұзу бойынша 55 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі бойынша – 55 және ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабының 1-бөлігі бойынша – 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 1 247 950 теңге көлемінде айыппұл салынған.
– Қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін иелерінен – 22, тіркеу ережесін бұзғаны үшін – 1, дабылдың жоқтығы мен жарамсыздығынан – 21 қару алынды, – деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, жедел-профилактикалық шараны өткізу барысында Өмірзақ кентінде тұратын «М» атты азаматтың жеке басын тінту кезінде ІІО-да тіркелмеген, заңсыз айналымнан 8 мм калибрлі "Арми-92" газды қаруы тәркіленген.
К. ОҢҒАЛТАЙ
1147
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.