©
"Жергілікті басқарушы органнан тұрғын үй немесе жер телімін жылдам алуға көмектесемін..." Кейінгі кездері тұрғындарды дәл осылай арбап, сыйақысына қомақты ақша алу дерегі көбейген көрінеді. Өткен жылы аудандық ішкі істер бөлімінде алаяқтық фактімен 66 қылмыс оқиғасы тіркеліп, кінәлілерге қатысты заңды шешімі шықса, биылғы бес айда 37-ні құраған. Яғни, 2016 жылдың салыстырмалы кезеңінен 12-ге немесе 48%-ға артқан. - Бұл әлі де болса тұрғындардың әкімшіліктің тізімінде тұрған үй немесе жер телімдеріне кезегін алға жылжытамыз деп алдаумен ақша тауатындарға сенетінін көрсетеді. Нәтижесінде табысқұмарлар қомақты қаржыны иемденіп, азаматтарға материалдық шығын келтіруде. Сондықтан халыққа жер телімдерін және пәтер алу мәселесін бұлай шешуге болмайтынын ескертеміз. Егер сізге де осындай көмек көрсетуге ұсыныстар түсіп жатса, бірден бізге хабарласыңыз,-дейді аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары Нұрбол Бишеханов.Шахида ЖҰМАН