ЖИТС мәселесі біздің қазіргі сана деңгейімізде өте үлкен, бақыланбайтын және шешілмейтіндей көрінетіні соншалықты, біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде ЖИТС дертіне берілетін жауап оның бар екенін мойындағымыз келмейді. Керек десеңіз, бүкіл әлем бойынша адамдардың еркін қозғалуы мақсатында есірткі қолданатындар, тәнін саудалайтындар сияқты ЖИТС тарататушылар үшін шекараларды жабу туралы ұсыныстар айтылды. Мұндай ұсыныстар адам денсаулығын қорғау емес, қауіпті қылмыскерді ұстау дегендей әсер береді. Ал басты мәселе халықтың денсаулығы болуы тиіс. Бұл жөнінде ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің дәрігері Гүлжанат Аманжолова таратып айтты.
-Кезінде ЖИТС ауруынан қорықпау керек деген ұғымда барлық ресми ақпарат және жартылай ресми үгіт-насихаттар жүргізілді, бас сүйегінің суреті бар плакаттар, «ЖИТС терроризм» туралы мифтер күшейді,-дейді ол.-АИТВ инфенкциясы анықталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары да шыға бастады. БАҚ беттерінде АИТВ деген не және одан қалай қорғану керек, егер жұқтырған болсаңыз не істеу керек деген сұрақтарға жауаптар табу қиын еді. Бірақ ол кезде әзіл-қалжыңға уақыт болмады. Есірткінің инекциялық қолданушылар–өз денсаулығына аса мән бермейтін топ. Олардың арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу өте қиынға соқты, жаңа әдіс қажет болды.
Осы аурумен ауыратын адамдар бар кезде бұл тақырып әрдайым қозғалады. Бұл инфекцияны жұқтырмау үшін, ЖИТС мәселесін түсіну үшін үнемі дұрыс ақпарат керек. Адам өзін қорғау үшін инфекция жұқтырмау жолдарын білуі керек. ЖИТС-ті емдеуде соңғы екі он жылдықта медицина жақсы жақтарымен көріне бастады. Бірақ жетістікке жеттік деп мақтануға әлі ерте. Жетістікке жетуге адамдардың жауапкершілігі кедергі болып отыр. Көпшіліктің көкейінде бұл аурудың бізге ешқандай қатысы жоқ деген теріс пікір бар. Бұл ауруды осал топтың ауруы деп есептемеу керек. Жастардың күші осы ауруды жеңуге жетеді. Өкінішке орай, қазіргі таңда жиі ауыратын адамдар арасында 25 жасқа дейінгі жастар бар. Олар ауруды көбінесе жыныстық жолмен жұқтырады.
АИТВ/ЖИТС мәселесі қазіргі уақытта жастардың қолында. Бүгінде жастар, ересек адамдарға қарағанда, бұл аурудан қалай қорғану керекгін, барлық мәлеметтерді біледі. Халықаралық профилактикалық кампанияның ұраны—«Жұқтыру немесе жұқтырмау–тек қана өзіне байланысты». Тек осындай жолмен ғана адамзат өз денсаулығы мен өмірін қорғай алады.
Гүлжанат Көңілімқосқызының айтуынша, бүгінде елімізде АИТВ инфекциясын жұқтырғандар саны -51167. Ал Маңғыстау облысы бойынша 464 адам тіркелген, оның ішінде 15 жасқа дейінгі балалар саны-9. Ойланатын жайт.