26 мамыр күні Маңғыстау облысындағы «Болашақ» стансасына медициналық пойыз аялдайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бүгіннен бастап медициналық пойыз өз жұмысын бастады. «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты екі пойыз жолға шықты. Алғашқы аялдамасы - Маңғыстау облысы.
Медициналық пойыздар арқылы шалғай өңір тұрғындары мамандардан тегін медициналық көмек ала алады.
"Биыл медициналық пойыздар 14 облыстың шалғай ауданындағы 147 станцияны қамтиды. "Жәрдем" пойызы Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарын аралайды", - делінген хабарламада.
Пойызда әртүрлі саладағы 36 дәрігер жұмыс істейді. Жұмыс уақыты таңертең 09:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін. Үзіліс - 13:00-14:00. Байланыс нөмірлері - 8 701 206 1540, 8(7172) 60 45 94.
Айта кетейік, жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жанындағы «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен бірлесіп орындап жатыр.