Батыр ауылында халық санының артуына байланысты қосымша тағы емхана салу жоспары облыс әкімі тарапынан қолдау тапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы облыс әкімі Серікбай Трұмов жуырда Мұнайлы ауданына барған іс сапарында айтты. Серікбай Өтелгенұлы емхананың сапалы салынып, уақытылы аяқталуына аса мән беруді тапсырды.
Айта кетейік, 2015 жылы Батыр ауылында 1500 тұрғынға арналып, дәрігерлік амбулатория ашылған болатын. Қазір тұрғындар саны 12 мыңнан асады.