Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының ұжымы қасиетті Рамазан айында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға және жалғыз басты зейнеткерлерге сый-сияпат жасады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тіс дәрігерлері мекеме басшысы Қуат Машырықовтың бастамасымен шараға атсалысты. Шараның мақсаты – бақыт пен көңіл-күй сыйлау, қолдау көрсету. Осылайша тіс дәрігерлері өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.