Мұнайлы ауданы халқының денсаулығын сақтауға қосқан үлесі мен адал еңбегі еленген бірқатар медбике бүгін халықаралық медбикелер күнінде марапатталды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Мұнайлы аудандық орталық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мерейлі мерекемен медбикелерді аурухана ұжымы құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар аға медбике Құралай Егізғараева, бас медбике Зәуре Жазықбаева және медбикелер Нағима Пашенбаева мен Ақерке Сырымғазиеваға және коронавируспен күресте үлес қосып, блок-постта қызмет еткен медбикелерге аурухана басшылығынан алғыс хаттар табысталды.