Ақтауда жол апатынан бір адам көз жұмды
[ 2019 ] 13 қараша, 12:09 | Қоғам
Бүгін Ақтауда 33 пен 34 шағынаудан тас жолында жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Жол-көлік апатында «Toyota Camry», «Geely» және «Hyundai Accent» автокөліктері соқтығысқан. «Аталған оқиға ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
696
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.