• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 16 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

Жаңашыл педагог

Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы...

  • USD: 480.61 ₸
  • EUR: 534.53 ₸
  • RUB: 5.28 ₸

Туризм әлеуетін дамыту тетіктері

[ 2019 ] 18 маусым, 09:33  |  Қоғам

©

«Маңғыстау – ашық аспан астындағы мұражай» деген атауға ие. Сондықтан да бұл өлкенің туристік әлеуеті жоғары. Табиғат ана Каспий теңізі мен шөлейтті аймақты қатар тоғыстырып, сан ғасырлық тарихы бар жәдігерлер мен қайталанбас нысандарды барынша мол шоғырландырған. Ендеше, мұндай ғажап жерлерге туризмді дамытуға не кедергі? Саяхатшыларды өлкеге көптеп тарту үшін қандай жобалар жүзеге асуы керек? Бұл туралы Ақтаудағы өңірлік кәсіпкерлер палатасында ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың қатысуымен өткен дөңгелек үстелде мәлім болды. Жиын жұмысында «Kazakh Turism» ұлттық компания­сының басқарма төрағасы Өркен Бисақаев аймақтағы туризмді дамытудың маңыздылығына тоқталды. «Маңғыстау Қазақстанның туристік ай­мағы саналатын үздік ондыққа енді. Ақтау қаласы мен Құрық паром кешені аралығын қамтитын аумақтағы туризмді дамытуға республикалық бюджеттен 18 млрд. теңге бөлінді. Жағажай демалысын дамыту басты назарда. Оған осындағы инфрақұрылым жасақталып, Ақтау мен «Алау» лагері жолдары жөнделетін болады», – деді Өркен Бисақаев. Ал ҚР «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Орда­баевтың айтуынша, Маңғыстау туризмін дамыту үшін алдымен туристерді күтіп алу талаптарын жетілдіру керек. Әуежай мен темір жол вокзалының дайындығы қандай? Көлік жолдарынан Ақтау–Аты­рау тас жолының сапасы жоғары екенін көрдік. Ал жолдарда туристерге сервистік қызмет көрсету деңгейін лайық деп айта алмаймыз. Саяхатшыларды қарапайым шайханамен емес, қызықты, тың жоба­лармен тартуды ойластыру керек. «Жоба­лау офисі» жобасы осы жайттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Дөңгелек үстелде туристік аймақтарға халықты тарту үшін ішкі әуе қатынас­тарын оңтайландыру ұсынылды. Мек­теп демалысы маусымында балалар би­леттерін субсидиялау, бір ересек адамға екі баланы тегін алып жүру жағдайын қарастыру турасында пікір айтылды. Сонда отбасы бюджеті 30 пайызға үнем­деліп, халық шетелге емес, отандық ту­ристік жерлерге ынта білдіреді екен. Тур полиция қызметін құру, авто керуен, медициналық туризм, балалар туризмі т.б дамыту – уақыт еншісінде. Мұның бәрі Қазақстанды туристік тартымдылығы бар 50 елдің қатарына қосу міндетін жүзеге асыруға көмектеспек. Ақтау халықаралық әуежайының ди­ректоры Ерғазы Жолдасов әуе рейстерін ашудағы  кейбір мәселелерге тоқталды. «Иран мен Түрікменстан сияқты көршілес елдерге рейс аша алмай отырмыз. Ниет білдірген компанияларға рұқсат берілмеді. Көрші Әзірбайжанда бұл мәселе жоқ. Ирандық туристер Бакуде визасыз жүр. Бакуге туристер ағылады. Қосымша рейстер ұйымдастырып жатамыз. Бізге неге сондай жағдай жасамасқа? Турис­терді тіркеу әуежай ғимаратында болуы керек, олар көп уақытын құжаттармен әуре­-сарсаңға жұмсамауы тиіс. Ішкі рейстерді субсидиялау жеделдетіп қолға алынса, жаз мезгілінде Атыраудан күніне 4 рейс жасалады. Осындай сұраныс еліміздің барлық аймағынан, жақын ше­телдерден де түсеріне сенім мол», – деді әуежай директоры Е.Жолдасов. Ашық диалогқа кәсіпкерлер де қаты­сып, ой-­пікірлерін ортаға салды. Бас қосуда    айтылған барлық ұсыныстар «Атамекен» ҰКП басшылығымен тал­қыланып, Үкіметке жолданатын болады.

Жайық НАҒЫМАШ

2167
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақсақалсыз ауыл болмайды

Келесі жаңалық

Шахтерлер аулындағы Кекілбай қыстауы

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2630

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2611

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5767

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4614

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3280

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    3022

    Рубрикалар

      Біле жүріңізМәселеФотоӘдебиетАудан тынысыСпортКомплаенсЖаңалықтар

    Автордың басқа да жазбалары

    Еңбек иелері құрметке бөленді

    [ 2019 ] 19 қараша, 05:38
    1986

    Волонтерлік – елге ерікті қызмет

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:12
    4554

    «Университет – ой-пікірлер аймағы» атты халықаралық форум өтті

    [ 2019 ] 12 қараша, 09:16
    1787

    Энергетиктер жемқорлық күдігімен ұсталды

    [ 2019 ] 5 қараша, 05:52
    1544

    Маңғыстау облысының әкімі Хорватия делегациясымен кездесті

    [ 2019 ] 31 қазан, 05:54
    1404

    Қарақияның қарышты қадамы

    [ 2019 ] 28 қазан, 05:38
    1860

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»