Маңғыстау облысы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бағытында 2018 жылда департамент тарапынан 81 (2017 жылы – 50) тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 535 (2017 жылы – 717) заң бұзушылық анықталған. Яғни алдыңғы кезеңмен салыстырғанда анықталған заң бұзушылықтар 182 есеге азайған.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Жасұлан Маршакұлы Маңғыстау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.
ҚР Үкіметінің 18 қыркүйек 2013 жылғы №983 қаулысымен бекітілген тізілімге бүгінгі күні 741 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер енгізілген.
Ол қызметтердің 66 пайызы өңірлерде орналасқан жергілікті атқарушы органдар (бағынысты ұйымдар) немесе орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен (бағынысты ұйымдар) көрсетілсе, 34 пайызы орталық органдардың тікелей өздерімен көрсетіледі.
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін орын алған кемшіліктерді жою, оларды болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдау ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық департаменттерінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады», – деді Жасұлан Маршакұлы.
Анықталған кемшіліктер ішінен қызметтердің мерзімін бұзу – өткен 2017 жылы 220 болса, 2018 жылы – 63 (оның ішінде бас тартулар кезінде мерзім бұзу – 32), құжаттардың толық болмауы – 70, стандартпен айқындалмаған құжаттарды сұрату – 204, ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды тікелей сұрату – 114, өзге бұзушылықтар 84 болған.
Заң бұзушылықтардың басым көпшілігі сәулет және қала құрылысы қызметінде – 182, қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесі және табиғи ресурстар саласында – 109, кеден ісінде – 49, «жанұя және бала» – 34, өзге салаларда 169 заң бұзушылықтар анықталған.
Ал мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша заң бұзушылықтардың басым бөлігі құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну, «ҚР-дың аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен жайын айқындау бойынша анықтама беру», «1 санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сарапта а қорытындысын беру», мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жібе у үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою, бақылау-касса машиналарын (БМК) есепке қою және есептен шығару тағы басқа да кемшіліктер орын алған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты жеке және заңды тұлғалардан барлығы 32 (18) өтініш түскен. Оның ішінде тексеру және ішкі талдаулар қорытындысымен, 13 арыз иесімен келтірілген деректер өз дәлелін тауып, 100% қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы, арызданушының 26.03.2018 жылғы Ақтау қаласы бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуына қатысты арызы қаралды.
Тексеру барысында өтініште көрсетілген деректер өз дәлелін тауып, Ақтау қалалық жер бөлімінің бас маманы «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп, өтініш иесінің бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді.
Сонымен қатар брифинг барысында азаматтар көбінесе жер қатынастары, геодезия және картография, жанұя және бала, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша көбірек шағымданатынын айтты.
Қызмет көрсетудің мерзімдерін немесе тәртібін бұзу бойынша 26 (2017 жылы – 23) хаттама толтырылып, 913 900 теңге айыппұл салынып, өндірілді (ҚР ӘҚБтК 465 бабы 1,2,3-тарм.).
Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдармен, қоғам өкілдерімен бірлесіп қызмет көрсету сапасын арттыру қарқынды дамып келеді.
Есептік кезеңде аумақтық департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, «Жасырын тұтынушы» әдісімен 191 (92) яғни өткен кезеңмен салыстырғанда 2 есе көп қоғамдық бақылау және 45 пост-бақылау іс-шараларын ұйымдастырды.
Нәтижесінде стандартта көзделмеген құжаттарды сұрату, қате кеңес беру және мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдайдың болмауы секілді кемшіліктер мен бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда жыл басынан бері 67 (50) бұзушылық анықталып, 43 ұсыным жолданып, барлығы орын далды.
Басым көпшілігінде жалпы орта білім беру ұйымдарымен оқушыларды қабылдау кезінде стандартпен бекітілген құжаттарды артық сұрату деректері кездесті. Мысалы, мекен-жай анықтамасы, ата-анасының жұмыс орнынан анықтама т.б.
Бүгінгі таңда бұл кемшіліктер жойылып, Ақтау қаласы әкімдігімен бірлесіп білім беру ұйымдары басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған түсіндіру іс-шаралары да есептік кезеңде өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жандандырылған. Мысалы, есептік тоқсанда 37169 (6371) адамның қамтылуымен 506 (225) түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түсіндіру жұмыстары 2,2 есеге, қамтылғандардың саны 30798 адамға артқан.
Зухра ӘБДІЛ-САТТАР