• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 6 Желт. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстау облысында жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіл...

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және болдырмау...

    Маңғыстаудағы алғашқы ауылдық ұйымды ашқан ақ халатты жан

    [ 2019 ] 8 қаңтар, 06:05  |  Қоғам

    Қашан көрсең де жайдары жүзінен жылылық төгіліп, күлімдеп тұратын ақсары өңді сүйкімді әйелмен Шетпеге іссапармен бара жатқанда танысқанмын. Өңіріміздің ең белсенді деген үкіметтік емес ұйымдарының басшылары бар еді қасымда. Сара да өзі тұратын Жыңғылды ауылында үкіметтік емес ұйымның жетекшісі екен. Менімен құрдас болып шықты. Сол кеште Маңғыстау ауданының орталығында «Шаңырақ» қоғамдық ұйымының 5 жылдығын атап өткенбіз. Содан Сара екеуміздің арамызда жақсы достық қарым-қатынас орнады. Жақын араласып, сырласқан соң құрбымның көптеген жағымды қасиеттеріне қанығып, қазақ әйелдеріне тән әр ісіне риза болып, әрі қызығумен келемін.

    Ол Түпқараған ауданының Баутин кентінде дүниеге келген. Бүкіл өмірін балық шаруашылығына арнаған әкесі Үмбетбай діни сауатты адам болатын. Атеизм үстемдік етіп тұрған кеңес дәуірінде-ақ иманына берік ол шариғат жолын мүмкіндігінше қатаң ұстана білді. «Маңғышылақ балық тоңазыту» мекемесінде көмекші капитан қызметін атқарып, зейнет демалысына шыққаннан кейін намазы мен оразасына шындап ықылас қойып, ауылдастарына аздап емшілік қабілетімен көмектесті. 4 перзентінің қанына қазақы тәрбиені сіңіріп, білімді азаматтар етіп жетілдірді.

    Сараның ақ сүт беріп өсірген анасы Жібек Тәжібекова да балғын шағы Отан соғысы жылдарымен тұс келіп, қыз дәуренін қызықсыз өткізген көп аналардың бірі. Соғыс басталған жылы небәрі 15 жастағы талшыбықтай бұралған қыз ауыр еңбекке жегілді. Өз отбасындағылармен бірге майданға аттанған туыстарының да аналарына қарасып, аздаған табысымен бөлісіп жүрді. Сөйтіп, қаршадай қыз бала өзіне қарап қалған қаншама қауқарсыз әйел мен бала-шағаға нәпақа тауып беріп, аман қалуына себеп болды.

    Ол ауыр еңбек жолын балықтарды құтыға салудан бастады. Таң алакеуімнен қара кешке дейін бел жазбастан жұмыс істеді. Кейінірек сауда саласында, қоғамдық тамақтану орындарында еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққанынша үздіксіз жұмыста болды. Жан жары көре алмаған қызықты көріп, балалары мен немерелерінің ортасында шүкірлігін айтып отыр. Тыл ардагері ретінде алған бірнеше марапаттары бар.

    Кейіпкеріміз Сара Көшбаева 1980 жылы туған ауылындағы А.Баутин атындағы орта мектепті жақсы бітіріп, Қызылорда медициналық училищесінің тіс емдеу факультетіне өзінің қалауымен оқуға түсті. Оқуын ойдағыдай бітіріп, қолына дипомын алған соң жолдамамен Ақшұқыр селолық амбулаториясына жұмысқа келеді.

    Келсе, бұл жерде бұған дейін стоматология кабинеті болмаған екен. Тіс емдейтін жаңа кабинет ашып, оны жабдықтармен қамту міндеті жас маманның мойнына жүктелді. Бұл, әрине, айта салуға оңай болғанымен, тез біте қоймайтын, ұсақ-түйегі көп шаруа болатын. Оның үстіне жұмысқа жаңа кірісіп жатқан жап-жас қыздың алдында ақылшы болар, не тәжірибесін бөлісер маман да болмады. Дегенмен, қолға алғанын тап-тұйнақтай қылып тындырмай тынбайтын қыз 1 ай ішінде су жаңа кабинет ашып алды.

    Оқуын оқып, арасында тәжірибелерден өтіп жүргенімен, өзбастақ жұмыс істеп, науқастардың көңілінен шыға білу де кез-келген жастың қолынан келмесі анық. Ал сөздері майда, мінезі жайлы Сара жастығына қарамастан, ақшұқырлықтардың ілтипатына бөленіп кете берді. Жұмыс болған соң қайсысының да қиындығы болмай ма? Алуан түрлі кедергілер мен қиыншылықтарға Сара да кезігіп жүрді. Бірақ мойымады. Алар асуының алда екенін сезініп, жігерін жани түсті. Бір жыл жұмыс істегесін-ақ ауыл тұрғындарының сеніміне ие болған Сара селолық кеңестің депутаттығына сайланды. Мемлекет тарапынан пәтер алды. Жап-жас «тіс доғдыр» қыздан дәмеленушілер де аз болған жоқ. Алайда «келін қылып алсам» деген талай кісінің үмітін біржолата үздіріп, Сара қыз 1985 жылы Жыңғылды ауылына бұйырды. Осы ауылдың Жасұлан Сапарбаев деген жігітімен бас қосып, тұрмыс құрды. Жоғары білімді Жасұлан - су құрылысы инженері.

    Жыңғылдыға келін болып түскен соң алақандай ауылда Сараға мамандығы бойынша жұмыстың реті келіңкіремей, әр түрлі жұмыстар атқарып, ысылды. Кейінірек стоматология кабинетіне өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, орнын тапты. Сөйтіп жүріп, бірінен соң бірін 5 баланы дүниеге әкелді. Бір жағынан жұмысы, екінші жағынан үйдегі кішкентай балалары, ауылдық жер болғасын азын-аулақ шаруашылығы тағы бар. Атасы мен енесін қабақ шытпай бағып-қағып, күйеуінің науқас бауырларына да мейірімділікпен қарасты. Үлкен әулеттің бір келіні болған ол бәріне үлгеріп, перзенттеріне жақсы тәрбие берді. Отағасы екеуі екі келін алып, олардан жеті немере сүйіп отыр. Шүкір, балалары да, келіндері де жоғары білімді, әр салада қызмет етеді. Жасұлан мен Сара балаларының қызығына бөленген бақытты ата-әже санатында.

    Жыңғылды селолық емханасында тіс дәрігері болып қызмет істейтін Сара Көшбаева қоғамдық жұмыстарға, ауыл өміріне белсенді араласып жүреді.

    - 2009 жылы бұрынғы ауыл әкімі Баянғали Төлеубайұлы үкіметтік емес ұйымдардың қазіргі маңыздылығын түсініп, ескеріп, маған ауылдан қоғамдық ұйым ашу туралы ұсыныс жасаған еді, - дейді Сара. - Сол қоғамдық қор «Ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру» деп атадық. Ондағы мақсатымыз — ауыл әйелдерін қоғамға, ауыл өміріне араластыру, кәсіпкерлікке тарту, отбасылық және басқа да әр түрлі мәселелерді шешуге көмектесу, құқықтық мәселелерді оқыту, спортты, салауатты өмір салтын насихаттау, бала тәрбиесі секілді мәселелерді көтеру.

    Алғашқы жылдары «Бота» қоғамдық қорынан әлеуметтік таппсырыстар алып, көптеген пайдалы үйірмелер ашты. Мерекелік шаралар, дөңгелек үстел сяқты шаралар, ауылдағы екі мектеп, екі балабақша, тігін цехы, мәдениет үйі, кітапхана қызметкерлері мен кәсіпкер әйелдер арасында мекемеаралық байқаулар, жарыстар ұйымдастырды.

    Осы үкіметтік емес ұйымда жүріп, көптеген адамдармен танысып, жүздесіп, тәжірибе алмасып, жаңалықтарды білуге ұмтылып, ой өрсін кеңейте түсті. Екі мәрте Астана қаласында өткен республикалық Азаматтық форумға қатысты. Тәжірибе үйреніп, білімін жетілдірді. Сондай-ақ бұл жұмысы арқылы көптеген мекемелермен араласып, бірігіп жұмыс жүргізді. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар көптеп құрылып жатыр. Ал Сара құрған «Ауыл әйелдерінің белсенділігін арттыру» қоғамдық қоры Маңғыстау облысында ауылдық жерде ашылған алғашқы ұйым болатын.

    Биылғы қараша айында Маңғыстау облысында Сорос-Қазақстан қорының қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын «Маңғыстау облысының қоғамдастық мүшелерінің, жергілікті билік органдарымен өзара әрекеттестігін күшейту» жобасы аясында «Ең үздік ауылдық бастама» байқауы өтті. «Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған бұл байқауға 31 өтініш келіп түскен еді. Өтініш-жобаларды арнайы комиссия қарап, іріктеу нәтижесінде 5 жоба жеңімпаз болып,  қаржылық қолдау иеленді. Осы 5 жобаның біреуін Сара Көшбаева ұтып алған-ды. Жақында ол осы ұтып алған қаржысына Жыңғылды дәрігерлік амбулаториясы жанынан «Ана мен бала бөлмесін» ашып алды. Енді бұл бөлмеде жас аналармен қатар болашақ аналарға, қыздар тәрбиесіне байланысты шаралар өтетін болады.

    [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68728,68730,68727,68729"]

    Өткенге көз жіберіп, ойлап қараса, жан жары Жасұлан екеуі 33 жылдан бері небір қиын-қыстау кезеңдер мен бақытты шақтарды бастарынан бірге өткізіп, шаңырақты шайқалтпай келе жатыр екен. Өзі еңбек еткен 35 жылдың 21 жылын сүйікті мамандығына арнаған екен. Шүкір, жұмысын абыроймен атқарды, емделушілердің алғысын алды. Оның тіс дәрігері болсын, үкіметтік емес ұйымы болсын, қай жұмысы да табыссыз болмады. Мұны әр жылдары Маңғыстау облысының әкімінен, Маңғыстау ауданының және ауыл әкімдерінен алған Алғыс хаттары айғақтайды. Ал 2010 жылы «Жыл адамы» байқауында «Жылдың үздік қоғамдық ұйымы» атағын жеңіп алды. Бірақ Сара заты әйел емес пе, өзінің отбасынан артық ештеңе жоқтай көреді.

    - Өмірде өзіме берілген Алланың сыйы әйел, ана бақытына шүкіршілік етемін, - дейді ол. - Әр адамның өз белесі болады, біреуде аласалау, біреуде биіктеу шығар, сол биіктіктен сүрінбей, абыройлы күйінде өмірден өтсем дегенді әкем марқұм көп айтатын еді. Сол ұлағатты сөз — менің де ұстанымым. Алладан тек жақсылық тілеймін. Жақын сырлас, ой-пікіріміз үнемі сай келетін, қиыншылықта басымды сүйеген, қуанышымды бөлісетін достарым бар, мен оларға сенемін.    

    Адамдарға жақсылық жасап, қиын сәттерде қол ұшын беруді жалпы адами қасиет деп түсінетін ол жыл сайын кәсіпкерлерді түрлі жайттарға қарай тарту арқылы ауылдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық шарасын ұйымдастырып тұруды әдетке айналдырған. Денсаулығы кеміс болған балаларға күтім жасап отырған аналар қиын жағдайларды асқан төзімділікпен бастан өткеріп отырғандықтан, оларды «батыр аналар» деп атайды ол. Олардан анда-санда болса да хабар алып, көмек беруді келешекте де жалғастыра беруге ниетті Сара өзі мұрындық болып жүрген қайырымдылық шараларды  жария етуден аулақ. Сондай сауапты істерде жәрдемдесіп жүрген ауыл кәсіпкерлеріне айтар алғысы шексіз.

    Өз жұмысын мінсіз атқарып, қоғамдық істердің де ұйытқысы болып жүрген Сара келіндеріне білгенін үйретіп, өмірден көріп білгенін айтып отырады. Жақсыдан үлгі алуы үшін. Қазір олар да отбасылық өмірдің жай-жапсарын меңгеріп, бір-бір шаңырақты ұстап отыр. Өзіне Алла тағала тарапынан жүктелген жардың көңілін табу, бала тәрбиелеу сияқты әйелдік міндеттерін мінсіз атқарып, ата-енесін барынша сыйлап, ағайын-тумамен жақсы араласып, ешкімнің көңіліне тимейтін Сарадай ананың бүкіл өмірі мен болмысы оның ұрпқтарына өнеге.

      Валентина ҚОЗЫБАҚОВА

    3125
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам ауыл өмірі
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Бейнеу ауданы 2018 жылы қандай жетістігімен ерекшеленді?

    Келесі жаңалық

    Би жорғасымен кездесті

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шетпедегі карьер мәселесі түйінделді

      [ 2019 ] 24 қазан, 10:12
      4141

      Мал тасымалдау үшін қандай ветеринариялық құжаттар қажет?

      [ 2019 ] 24 мамыр, 05:30
      5935

      Маңғыстаудағы алғашқы ауылдық ұйымды ашқан ақ халатты жан

      [ 2019 ] 8 қаңтар, 06:05
      3126

      Маңғыстау ауданында атқарылған іс аз емес

      [ 2018 ] 15 ақпан, 14:19
      1839

      Шетпе шамдары жарқырай түспек

      [ 2018 ] 15 ақпан, 13:14
      1752

      Кадет корпусында оқып жүрген бейнеулік жас оқушыларды әскери оқу орнына шақырды

      [ 2018 ] 14 ақпан, 11:07
      3348

      Рубрикалар

        МаңғыстауСпортӘлем жаңалықтарыСаясатМұнайлыАуыл өміріЖастар бетіТүпқараған

      Автордың басқа да жазбалары

      Сауат ашу курсын аяқтаған қыз-келіншектер сынақтан өтті  

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 11:06
      2386

      Жат ағым жетегінде болғандар сырымен бөлісті

      [ 2019 ] 23 желтоқсан, 09:17
      2527

      МӘМС жайында не білеміз?

      [ 2019 ] 15 желтоқсан, 03:30
      2936

      АИТВ-ның алдын алуға болады

      [ 2019 ] 14 желтоқсан, 06:25
      2742

      Маңғыстауда діни ахуалды жақсарта түсу жолдары талқыланды

      [ 2019 ] 13 желтоқсан, 11:54
      2330

      Ақтаулық шешен жігіті марапатталды

      [ 2019 ] 12 желтоқсан, 12:05
      2946

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»