©
Маңғыстау ауданында жылдан жылға мал тасымалы артып келеді. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау үшін ең алдымен малдың ветеринариялық құжаттары дұрыс болуы қажет. Аудан ішінде тасымалданатын болса да нысан-1 ветеринариялық анықтамасы қажет. Ветеринариялық анықтаманы Маңғыстау аудандық ветеринариялық стансасынан алуға болады. Әкелінген жануарлар толықтай тексеруден құжаттарымен қоса өткізіледі. Ветеринариялық анықтама межелі пунктіне дейін ғана жарамды болады. Тексеру барысында заңбұзушылықтар болса, тиісті заңнамаларға сәйкес тиісті шаралары алынады, қағидаларда көзделген ретте дерек қорға енгізіледі. Егер жануарларға карантиндеу тағайындалса, дерек қорға енгізу карантиндеуден кейін жүргізіледі. Ауылшаруашылығы жануарларын сырт елден әкелетін немесе экспорттайтын жағдайда алдымен ҚР Ауыл шаруашылығына қарасты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аймақтық инспекцияларына елге жануар әкелетініңізді жазбаша түрде ескертіп, шекарадан мал өткізуге рұқсат алу үшін өтініш беру қажет. Жануарларды шекарадан өткізуге рұқсат алған соң импорттайтын елден ветеринариялық сертификат алу керек, бұл құжат жануарды жіберетін кезде беріледі, осы құжатпен ғана тасымалданады. Жануарлар тасымалы мен импортқа рұқсат алуды сертификат арқылы жүзеге асыру заңды түрде міндеттелген. Тасымалға қажет құжаттардың қара сиямен толтырылмауын, анық, түсінікті жазылуын, барлық мөрдің дұрыс, анық басылып, толық болуын мұқият қадағалаған жөн. Сырт аймақтардан ауыл шаруашылығы жануарларының тірілей тасымалданғаны туралы жануарлар иелері тарапынан жергілікті атқарушы органдарына ауызша немесе жазбаша түрде хабарлауы міндетті, бұл аумақтың эпизоотиялық тұрақтылығының сақталуына өте маңызы зор.Д.ҚОЙБАҒАРОВА, Маңғыстау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы