Қазақстанда бір шаңырақ астында 140-қа жуық алуан түрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдері тату–тәтті өмір сүріп жатыр. Ауылы аралас, қойы қоралас, бір-біріне деген ықыласы ыстық олардың қуаныш-қайғысымен қатар мерекелері де ортақ. Өңірімізді мекендеген өзге ұлттардың басын қосқан 20 этномәдени бірлестіктер де жыл он екі ай бойы бүкіл шараларды біріге атқарып келеді.
Облыс орталығы Ақтау қаласындағы «Достық үйінде» Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамы құрметіне «Ақ дастархан» ұлттық тағамдар көрмесін ұйымдастырды. Айтулы мерекеге белсенді қатысқан этномәдени бірлестіктер өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарын дайындап, көрмеге келген қонақтардың назарына ұсынды. Сондай-ақ келушілер этномәдени бірлестіктер өкілдерінің көрме аясында әзірлеген шығын концерттік бағдарламасын тамашалады.
Маңғыстаудың түрлі ұлттарының өкілдері түркі халықтарына ортақ осынау мейрам күні өздерінің ұлттық ас мәзірі мен ұлттық өнерін өзгелерге таныстырып, елдік пен бірліктің үлгісін тағы бір рет паш етті.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Таза табиғатпен – ядролық қарусыз ғасырға