Жаңаөзен қалалық ардагерлер үйінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Онда қаралған мәселе - «2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қалалық білім бөлімі бастығының орынбасары Темір Лесов баяндады. Сонымен бірге, қалалық ономастикалық комиссиясына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азамат М.Абылхановқа көше атын беру туралы ұсыныс талқыланып, қалалық мәслихат хатшысы С.Мыңбай, қоғамдық кеңес мүшелері А.Нұртаев, Ө.Сарыбек, Қ.Көшбаевтар пікір білдірді.
Тағы оқыңыздар: Ақтаудағы сыртқы жарнамаларда қате көпСондай-ақ Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Азамат дауысы» үкіметтік емес ұйымының қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған семинар-тренингке жалғасты. Үкіметтік емес ұйым төрайымы Ғалия Жалғасбай қоғамдық кеңес, қағидалары, заңнамалары, оның жұмысын үйлестіру, кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері барысында шағын дәріс өткізіп, сұхбаттасты.