• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 14 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

Медиация күні қарсаңында консультативтік көмек көрсетуден «Ашық алаңы» өтед...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

Ақтауда түн ішінде моншадан өрт шықты...

  • USD: 479.44 ₸
  • EUR: 523.69 ₸
  • RUB: 5.22 ₸

Өмірзақтағы өзекті мәселелер қандай?

[ 2017 ] 1 ақпан, 10:01  |  Қоғам

Өткен сейсенбіде Өмірзақ ауылының әкімі Ербол Сарыев ауыл жұртшылығы алдында атқарылған жұмыстардың есебін қорытып, қол жеткен табыстармен қатар осы жылдың еншісіндегі жоспарлар мен міндеттерді нақтылап өтті. Есеп беру жиынына Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов, оның орынбасарлары, қалалық мәслихат хатшысы Марат Молдағұлов, мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Есеп беру жиынына жиналған жұртшылыққа ауыл әкімі Ербол Сарыев әр сала бойынша жүзеге асқан істерді баяндады.

–Қазіргі таңда Өмірзақ ауылында дәрігерлік амбулатория және Рауан тұрғын массивінде медициналық пункт жұмыс жасайды. Бұл мекемелерде 11 адам халыққа дәрігерлік қызмет көрсетеді. Өмірзақ ауылындағы №27 орта мектепте 72 мұғалім қызмет етсе, 583 оқушы білім алады. 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 8 түлектің орташа ұпай көрсеткіші 75,4%- ды құрады. Өмірзақта жеке кәсіпкерлердің қаржысына Приморский, Приозерный-1, Приозерный-3 ауылындағы 345 орындық балабақшаның әрқайсысы 10- нан аса тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша орта мектепке география және дене шынықтыру пәнінің 2 мұғалімі жұмысқа қабылданды, – деді ауыл әкімі Ербол Рзаханұлы.

Ауыл әкімі келтірген статистикалық деректерге зер салсақ, Өмірзақ ауылы мен оған қарасты елді мекендердегі халық саны– 5337. 2017 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша туылған балалар саны – 94, әлеуметтік көмек алатын мүгедектер саны – 12. Ауылдың 78 тұрғыны жұмыссыздыққа тіркелген болса, 64 адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады. 2016 жылдың бекітілген бюджеттік жоспары бойынша Өмірзақ ауылы әкімінің аппаратына республикалық және жергілікті бюджеттен 158,141 мың теңге көлемінде қаржы бөлінген. Атап айтсақ, республикалық қазына қаржысына Өмірзақ ауылының жылу қазандығы мен 19,20 көшелеріндегі кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Жергілікті бюджеттен ауыл көшелерін жарықтандыруға, мәдени және спорттық шаралар өткізуге, ауылды көгалдандыру және абаттандыруға, санитарлық тазалыққа, көлік жолдарын, ауыз су және кәріз құбырларын ағымдағы жөндеуге қаржы бөлініп, толықтай игерілген.

Сондай-ақ жиын барысында Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов облыс орталығының 2015 жылдағы әлеуметтік- экономикалық дамуы туралы есеп берді. Есепті кезеңде еңсерілген істерге екпін беріліп, жыл еншісіндегі жоспарлар мен міндеттерді нақтылап өтті. Әкімдердің баяндамасы тыңдалғаннан кейін тұрғындар көкейде жүрген сауалдарын қойып, өтініш-тілектерін білдіріп, жылдық есепке бағаларын берді. Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Ахмет Бүркітбаев Рауан, Приозерный, Приморский ауылішілік жолдарын жөндеу, Өмірзақтың кәріз жүйесін реттеу және спорт зал салу мәселесін көтерді. Ауылдың үлкендері полиция пункті жоқтығын, ауыл айналасындағы ұзаққа созылған құрылыстардың салдарынан халықтың теңіз жағасына баруға мүмкіндігі болмай отырғандығын жеткізді.

–Приморский ауылының кейбір көшелерінде жарық жоқ. Ауылішілік жолдарға асфальт болмаса, құмды- қиыршық тас төгіп берсеңіздер екен. Ауылдың ішіндегі күл- қоқыстан арылмай, ит пен мысықтың мекеніне айналған жерлерді тазартып, балаларға ойын алаңын салып беруге болмай ма? Ауылға кабельді интернет жүйесі қашан тартылады? Көшеде иесі жоқ бұралқы иттерді ату жұмыстары жүйелі жүргізілсе екен. Жергілікті учаскелік полицияны танымаймыз. Неге халықпен жұмыс жасамайды?, – деп сауал қойды ауыл тұрғыны Қожа Селбай.

Көрпеш Жайнекова Өмірзақ ауылына мәдениет үйі салыну қажеттігін және дәрігер маман жетіспейтінін қаперге салды. Приморский ауылының тұрғыны Орынбек Айзақов ауылдағы үйлердің арасы тығыз орналасқандықтан өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмай отырғандығын назарға берді.

«Рауан тұрғын массивінің ауылішілік жолының жобасы жасақталуда. Биыл салуға жұмыстанамыз. Өмірзақ ауылының кәріз жүйесін іске қосамыз. Спорт зал салу мәселесі басты назарымызда. Приозерныйда балалар ойын алаңын салу туралы ұсыныстарыңызды ескереміз. Бұл ауылдың жолына қаражат бөлініп тұр. Приморскийдегі өрт қауіпсіздігі мәселесі өте қиын. Себебі, кезінде үй салуға жер берілген кезде бас жоспар болмаған. Полиция пунктін салуды қарастыратын боламыз. Қаңғыбас иттерді ату мәселесінде бірқатар қиыншылықтар бар. Приозерный -2-де кәріз жүйесін жасауға мүмкіндік бар. Балабақша салуға келсек, жобалық- сметалық құжаттамасы бітіп тұр. Алдағы уақытта мемлекеттік- жекеменшік әріптестік аясында салу жолдарын қарастырамыз. Приморскийге асфальт жол төселеді. Кейбір көшелер кезінде жобаға енбей қалғандықтан жарықпен қамтылмаған. Сондықтан қайта жоба жасақтаймыз» деген Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов көтерілген мәселелер мен ұсыныс- пікірлер ескерілетінін хабарлады.

Жиын барысында сөз сөйлеген тұрғындар ауыл және қала әкімінің есебіне оң бағасын беріп, алдағы уақытта да жұмыстар жүйелі атқарылатынына сенімділік білдірді.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

965
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Мейірімді медбике

Келесі жаңалық

Елдік құжат – болашағымызға бағдар

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2597

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    [ 2020 ] 11 тамыз, 12:01
    2584

    Шетпе карьерлерінің қоршаған ортаға келтірілген залал сомасы 13 млн теңгеден асады

    [ 2020 ] 16 қаңтар, 11:25
    5734

    Шетпе жастары «Еріктілер жылын» қайырымдылықпен бастады

    [ 2020 ] 13 қаңтар, 14:35
    4577

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    3113

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    2856

    Рубрикалар

      ҚарақияӘлем жаңалықтарыАуыл өміріЖаңалықтарСпортҚұқықМаңғыстау жаңалықтарыЭкономикаАНТИКОР

    Автордың басқа да жазбалары

    Саулығыңыз салғырттықты көтермейді

    [ 2018 ] 14 тамыз, 10:24
    1611

    Құм көшкініне тосқауыл бар ма?

    [ 2018 ] 9 шілде, 05:29
    3403

    Күйші Серіктің еңбек белестері

    [ 2018 ] 5 шілде, 12:54
    2037

    Ақтау қаласының әкімі журналистерді мерекесімен құттықтады

    [ 2018 ] 27 маусым, 13:10
    2260

    Мерекедегі мерей    

    [ 2018 ] 27 маусым, 09:31
    1676

    Бітімгершілікке келу – береке бастауы

    [ 2018 ] 25 маусым, 05:51
    1845

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»