• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 10 Қырк. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Маңғыстауда «Қолдан қолға» жобасы аясында 11 отбасыға қаржылай көмек берілд...

Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс ІТ кеңесшісі боп Тимур Бектұр тағайын...

"Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қау...

Ұйымдастырушылар: Психолог мамандардың білімі мен білігі көп мәселені шешед...

Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

  • USD: 478.89 ₸
  • EUR: 528.74 ₸
  • RUB: 5.29 ₸

Мейірімді медбике

[ 2017 ] 20 қаңтар, 05:09  |  Қоғам

Медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, тұрғындар денсаулығының «сақшысы» атанып жүрген ақ халатты жандардың бірі, Маңғыстау гуманитарлық колледжінің жоғары санатты медбикесі-Людмила Панфилова.

Өмірінің 41 жылын медицинаға, соның ішінде жастардың денсаулығына арнап келе жатқан Людмила Панфилова 1953 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Төрт ұл мен екі қыздың ортасында тәрбиеленген Людмила жастайынан ажалға араша тұратын ақ халатты абзал жан болуды армандапты. Асқақ арманымен, таудай талабымен 1973 жылы Шымкенттегі медициналық училищеге құжат тапсырған.

- Анам Валентина жиі ауыратын. Бір күні анам қатты сырқаттанып қалып, дәрігерлер оған ота жасаймыз деген шешім қабылдағандарын айтты. Біз қатты уайымдадық. Мен сол кездерден бастап дәрігер боламын, анам ауырса үнемі қасында болып, өзім емдеп аламын деп іштей шешім қабылдадым. Ота жасайтын хирург-дәрігер болуды армандадым. Алайда көп балалы отбасында дүниеге келгендіктен, қолдың қысқалығынан жоғары оқу орнына оқуға түспей, Шымкенттегі медициналық училищеге барып, оқитын болдым. Оқу орнын «жақсы» деген бағамен аяқтадым. Бүгінде соның жемісін теріп жеп, қызығын көріп отырмын,-дейді Людмила Панфилова.   

    

Оқу ордасын табысты тәмамдаған жалынды жас маман 1976 жылы жолдамамен туған жеріне оралған. Алғашқы еңбек жолын Ақтөбедегі орталық аудандық ауруханадан бастаған. Жас маман еңбекке етене араласып, көпшілікпен тез тіл табысып кеткен. Әлі күнге дейін алғашқы жылдары осы саланы барынша меңгеруге көмек көрсетіп, бағыт-бағдар берген ұстаздарына алғысы шексіз екенін айтады.

- Оқу орнын фельдшер мамандығы бойынша тәмамдап, еңбекке араластым. Қызығы мен қиындығы мол мамандығым өзіме ұнайды, талай жақсы адамдармен әріптес атанып, жұмыстас болдым. Аталмыш салада кез-келген адам жұмыс істей алмайды. Ең бастысы, өз ісіңді жақсы көріп ғана қоймай, төзімшіл болуың да керек. Еңбек жолында әртүрлі қызықтар да, қиындықтар да кездесті. Қызметте жүрген әр минут, әр сағат, әр күндер мен үшін өте сәтті де, бақытты өтуде десем артық емес,-дейді Людмила Панфилова.

Людмила 1980 жылы ақмаржан Ақтау қаласында тұратын ағасы Викторға қонаққа келіп, теңізге ғашық болып қалғанын айтады. Жолдасымен ақылдасып, қасиетті өлкеде еңбек етуді жөн деп санаған. Қызметін облыс орталығындағы №19 балабақшадан аға медбике болып жалғастырған. Төрт жыл табысты еңбек етіп, кейін №2 Ақтау қалалық емханасына ауысқан. Жаңа ортада хирургиялық бөлімшенің аға медбикесі болып еңбек еткен.

- Менің бала кездегі арманым хирург-дәрігер болу еді. Сол арманына сәл де болса, жақындағандай болдым. Хирург-дәрігердің көмекшісі болып жүріп, көп нәресені үйрендім. Отадан кейін маған келіп, таңу жасататын науқастар қолымның жеңіл екенін жиі айтатын. Сол саланың қатты ұнағанынан кейін де болар, 20 жылға жуық уақыт тапжылмастан хирургиялық бөлімшеде жұмыс істедім. Кейін 2000 жылы шақыртумен Маңғыстау гуманитарлық колледжіне қызметке ауыстым. Бүгінгі таңда осы оқу орнындағы әрбір жанның денсаулығын жіті қадағалап, қажет жағдайда кеңесімді беріп отырамын,-дейді Людмила Панфилова.

Қызметінде жемісті еңбек етіп, адамгершілігі мол азаматша болып қалыптасқан Людмила Панфилова Александр атты азаматпен отбасын құрған. Шаттығы шалқыған шаңырақта Сергей мен Юля өсіп, жетілді. Кейіпкеріміз бүгінде олардан алты немере сүйіп отырған бақытты ата-әже.

        

- Жолдасым құрылыс саласында жұмыс жасады. Балаларымыздың тәрбиесіне өте жауапкершілікпен қарадық. Қатарынан кем қылмай өсірдік, жоғары оқут орнында оқыттық. Бүгінде соның нәтижесін көріп отырмыз. Перзенттерім медицина саласын таңдамады. Алайда, тоғыз жастағы немерем Полина дәрігер болғысы келетінін айтып жүр. «Мен өскенде дәрігер болып, әжемді емдейтін боламын» деп мені қуантып қояды... Мен Қазақстандай мемлекетте өмірге келіп, осы жерден жұмыс тауып, еңбек еткенімді мақтан тұтамын. Осы жерден өмірлік серігімді жолықтырып, отбасын құрып, балаларымды өмірге әкелдім. Ризашылығымды қазақ тілін еркін меңгеріп, жеткізгім келеді. Немерелерімнің де қазақ тілінде таза сөйлегенін қалаймын. Қазақша түсінемін, бірақ ойымды еркін жеткізе алмаймын,-дейді Людмила Панфилова.

Ұжымда беделді, студенттерге мейірімді Людмила Панфилованың еңбегі де басшылық тарапынан әрдайым жоғары бағаланып отырады. Маңғыстау медицинасын өркендетуге үлес қосқан білікті маман бірнеше құрмет граммоталарымен, алғысхаттармен марапатталған.

Ақшолан САПАРҚҰЛОВА Маңғыстау гуманитарлық колледжінің бөлім меңгерушісі

902
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
қоғам
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Ақкетіктен шыққан мұнайшы

Келесі жаңалық

Өмірзақтағы өзекті мәселелер қандай?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

    [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
    813

    Шешімін таппаған салық мәселелері

    [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
    2532

    Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

    [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
    2622

    Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

    [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
    2047

    Мұнайлыда полиция қызметкерлері жоғалған 3 ноутбукты тауып берді

    22 тамыз, 15:35
    753

    Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

    22 тамыз, 12:26
    857

    Рубрикалар

      ДенсаулықМәселеТағайындауЖастар бетіРедакция туралыАНТИКОРҚоғамЭкономикаӘдебиет

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда халықаралық қос турнир өтеді

    [ 2018 ] 12 наурыз, 04:44
    1682

    Ақтаулық жас самбошылар халықаралық турнирден олжамен оралды

    [ 2018 ] 20 ақпан, 09:46
    1534

    Маңғыстау самбошылары Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды

    [ 2018 ] 29 қаңтар, 11:31
    1677

    Маңғыстауда жануарлардан жапа шеккендер саны артты

    [ 2018 ] 24 қаңтар, 04:51
    1782

    Маңғыстаулық үш дзюдошы республикалық турнирде жеңіске жетті

    [ 2018 ] 23 қаңтар, 09:17
    1691

    Маңғыстаулық травматологтар 7 мыңнан аса балаға көмек көрсеткен

    [ 2018 ] 22 қаңтар, 13:38
    2191

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»