Биыл Ақтауда 19 а шағынауданда 1200 орындық мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Төрт қабатты ғимараттың құрылыс алаңы – 3 979,84 ш.м. Учаске ауданы – 3 га.
Жобалық құжаттамаға сәйкес мектеп алаңы 3 бөлікке бөлінеді: спорттық (футбол, волейбол, баскетбол алаңдары), демалыс және шаруашылық алаңы.
«Мектеп кабинеттер заманауи техникамен жабдықталады. Химия, физика және биология кабинеттеріне ерекше көңіл бөлеміз. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту үшін жағдай жасалады. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. 24 адамға арналған оқу залы бар кітапхана да болады. Құрылысты 2023 жылы аяқтау жоспарланған», - дейді Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі Еркін Жауқан.
Айта кетейік, қазір 18, 31 А шағынаудандарда мектеп құрылысы жүріп жатыр.