© Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Ақтауда жоғалып кеткен қыздың денесі 4 а шағынаудандағы «Жартасты соқпақ» маңынан табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері болмаған.
«Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі (суицидке дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», - дейді МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 25 ақпан күні әйел Ақтау қаласының полиция бөліміне қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА