12 а шағынауданда жылу беретін құдықтан ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл туралы 24 ақпан күні Ақтау қаласының полиция бөліміне хабарлаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің айтуынша, сот медициналық сараптама тағайындалды. Қалалық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Қазіргі таңда жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.